Мәсімов те, оның үкіметі де отставкаға кетсін!

Бөлісу:

011Жақында ҚР Мәжілісіндегі Қазақстанның халықтық коммунистік партиясының жетекшісі Владислав Косарев мырза  Кәрім Мәсімов тізгінін ұстап отырған министрлер кабинетіне сенімсіздік вотумын (қарсы дауыс беру) жариялауды ұсыныпты. Бұл туралы «КТК» арнасы хабарлаған.

Қазақстандағы күллі коммунистердің лидері осылайша Мәсімов пен оның Үкіметін отставкаға жіберуді талап етіп, Парламенттің бірлескен отырысында мәселені төтесінен қойды. Мәжілістегі ең егде (Косарев мырза биыл 82 жасқа толады) депутаттың ашуын туғызғаны – Мәсімовтің министрлер кабинеті қазына қаржысын оңды-солды шашып жатқандығы. Ол  Парламент белгілеп берген бюджетті көрсетілген мақсатқа емес, өзге де пайдаларға жұмсап жатқанын ашық айтты.

Косаревтің өзінің айтуынша, қазіргі Қазақстан Үкіметі «мұнай инесінің үстінде отыр». Ал Мемлекетке түсетін негізгі пайда қаражаттар үлкен бизнеске кетіп жатыр. Мүмкін Косаревтің айтпағы  Ақ орда төңірегіндегі кейбір алпауыт кәсіпкер – шенеуніктердің қалтасын қомпайту үшін болса керек. Ал қарапайым қазақстандықтар бұл қаржының иісін де сезбеуде. Қаһарына мінген Косарев ақсақал, тіпті Мәсімов пен оның ұжымы бірқатар Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда да арта қалып жатқанын айтып, бұл мәселеде де бармақ басты, көз қыстылықтардың болып жатқанын ескертті. Владислав Косаревтің деректеріне сүйенсек, еліміздің аграрлық секторына бөлінген қаражаттың 60 пайыздан астамы діттеген мақсатта игерілмеген. Ал міндетті медициналық жәрдемге бөілетін қаражаттың жалпы сомасы 360 миллионнан да аспаған. Демек, еліміздің тұрғындары тиісті тегін медициналық жәрдемге қолдары жетпей отыр деген сөз.

Мәсімов мырза мен онің қарамағындағылардың салғырттығын сынға алған Владислав ақсақал Үкіметті отставкаға жіберуді ұсынды. Десе де, Косаревтің айтуынша, бүкіл министрлерді отставкаға жіберуге болмайды. Тек халық пен қоғам алдында өз абыройларын түсіріп алған (дискредиттелген) министрлер орынтақтарын босатулары тиіс.

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Менің ойымша Үкімет енді оянуы тиіс. Қазір сіз де, біз де мына халық та, мына қоғам да Мәсімов Үкіметінің мұнайға ғана телміріп, жан бағып отырғанын жақсы түсінеміз. Мемлекет қазынасы өзге арналар арқылы өзге мақсаттарға жұмсалып жатыр. Мемлекет ақшасы – халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс еді ғой.   

Естеріңізде болса, Қазақстандағы коммунистердің көсемі Владислав Косарев Мәсімов Үкіметінің қазақ жерін сату және жалға беру туралы бастамасына жалғыз өзі қарсылық білдірген болатын. Парламенттегі жұрт жүздерін жылы танитын көп қалаулы қылыс қалып, Астанадағы кабинеттерінің есіктерін тарс жауып, тым-тырыс жатқанда, дәл осы Владислав Косарев «Abai.kz» порталына арнайы сұхбат беріп, жерді сатуға болмайтынын айтып, араша сұраған еді.

ҚР Президентінің жарлығымен жерді сату мен жалға беру туралы бастаманы халыққа дұрыс насихаттай алмаған, дәлірек айтсақ өздеріне артылған міндеттерін атқара алмаған бірқатар шенеунік отставкаға кетіп жатқан кезде Косарев мырза сол министрлердің басшысының өзін отставкаға жіберуді Парламенттің бірлескен отырысында ашық айтыпты.

Естеріңзде болса, Қазақстандағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлағаннан кейін 25-наурыз күні, Парламенттегі креслоларға жайғасқан жап-жаңа депутаттар Кәрім Мәсімовке «премьерлік» тізгінін тапсыруға сенім білдірген болатын. Бірақ бұл шешім бір ауыздан қабылданбаған. Мәжілістегі 107 депутаттың 96-сы Мәсімовке сенетіндіктерін білдірсе, 4 депутат бұған қарсы болған. Тағы 7 депутат дауыс беруден қалыс қалып, Мәсімовке 100 пайыз сенуге болмайтынын білдірген еді.

Ал  Президен Нұрсұлтан Әбішұлы осы мәселелерге қатысты «халыққа ұнамайтын заң керек жоқ бізген. Бірақ та түсіндіру керек»,-деп оң жағында отырған Мәсімовті емес, дөңгелек үстел үстінде Елбасынан сәл алыстау отырған бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевқа жүктеген еді. Сондай-ақ, 26-сәуір күні Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті отырысында сөз сөйлеген Елбасы – «шешім қабылдамас бұрын халықпен ақылдасу керек» деді.

Мемлекет басшысының осы сөздерін негізге ала отырып, жерді сату және жалға беру мәселесінде өзімбілемдікке салынған, халық пікірімен санаспастан шешім қабылдап, оны күштеп енгізбек болған Кәрім Мәсімов және оның қарамағындағыларды отставкаға жіберу керек деген депутат Владислав Косаревтің ұсынысына өзге әріптестері не дер екен?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 29 пікір жазылған

  1. Мурат 9 Мамыр, 2016 00:39 Жауап

    Ойы дурыс бул кисинин, колдаймын, укиметти тазарту керек, сонда, жа куш пайда болады

  2. Сматулла 9 Мамыр, 2016 17:46 Жауап

    Бұл ақсақалдың айтуы орынды,тағы 1-2 рет қатарына бірнеше пікірлестерін ертіп , бұл мәселені қозғаса ,отставкаға кетіруі мүмкін,себебі елбасының осы отырыста тапсырманы Сағынтаевқа жүктеуі.

  3. Әбіл Жәкен 9 Мамыр, 2016 22:06 Жауап

    Карим Масимов бір банктың (қайсысы екені есімде қалмапты) президенті болып тұрғанында «Время» гәзетінің тілшісімен сұхбаттасып отырғанда тілші: «Вы обычно поздравляете президента господина Назарбаева с Новым годом, преподносите сувениры?» деп сұрап, оған Масимов: «Конечно. В прошлом Новом году подарил золотые часы по спецзаказу, а в этом году подарю золотые шахматы, тоже по спецзаказу!» деген. Кімнің де болсын «ондай ілтипаты» ескерусіз қалар ма?!. Содан кейін министр ме, замы болып па шыға келген.»Время» гәзетінің қай жылғы санында екенін білетіндер, хабарласарсыздар. Желтоқсан айындағы соңғы нөмірлерінің бірінде. Карекең – кәрі жаңғақ, оңай шағыла қоймас. :kulki:

  4. нұрлан 10 Мамыр, 2016 09:43 Жауап

    осы күндері Козеров мырза қазақтың оиындағы пікірлер қатты көтеріп жүр сонда біздің депудатар Козеров мырза құрақым бола алмағаныма ?

  5. гость 10 Мамыр, 2016 10:06 Жауап

    Айтты бітті шешім қабылданды деген болмайды. Барлық ойды саралап, пайдасы жоқ болса ғана кетіруге болады.

  6. Алматы 10 Мамыр, 2016 10:08 Жауап

    Тәп тәуір жұмыс істеп кележатқан үкіметті отставкаға кетсін дегені нес? қайда сол бір ауыр ауыр дәлелдер? ауыр ауыр себептер?

  7. гость 10 Мамыр, 2016 10:10 Жауап

    Соңғы кездері де депутаттардың ойы әр жерден шығуда, бір жағынан бұл да қуантарлық жағдай

  8. Арий 10 Мамыр, 2016 10:11 Жауап

    Косарев белсенділік танытуда, барлық депутаттар да осылай өз пікірлерін ашық білдірсе керемет болар еді

  9. мұғалім 10 Мамыр, 2016 10:26 Жауап

    асығыс шешім қабылдаудан сақпыз, соңғы кездері осы Косарев мырза гипербелсенді болып жүр

  10. Дара 10 Мамыр, 2016 10:28 Жауап

    Жер мәселесі барлық Қазақстандықты алаңдатты, оны жасыру мүмкін емес, кейбір шенеуніктеріміз орындарынан ұшты, әрине, жақсылап жұмыс жасаулары керек еді

  11. тарлан 10 Мамыр, 2016 10:35 Жауап

    Президент дұрыс айтады, халыққа ұнамайтын заң кімге керек? әрине ешкімге керек емес

  12. ыыыыы 10 Мамыр, 2016 10:39 Жауап

    Косарев та қызуқандылыққа беріліп кеткен секілді. Ақыл таразысына салу керек, сонан соң ғана белгілі бір шешім айтуға болады

  13. Шым 10 Мамыр, 2016 12:07 Жауап

    Бiздiн саилаган казак депутаттарымыз не унсiз? Депутат болдым деп как всегда уиыктап отырган шыгар . Демек халыкты алдап депутат болган депутаттар

  14. Қолқоюсыз 10 Мамыр, 2016 13:52 Жауап

    Владислав Косарев ағамыз шын мәнінде елдің азаматы екенін тағыда дəлелдеді.

  15. қол бала 10 Мамыр, 2016 14:12 Жауап

    неге осы біреу елбасы туралы немесе біздің депудатар жайлы бірдеңе айтса бәрің қосыла кетесіңдер айналайын бауырлар бірі-біріңді дос көрмесеңдер істің бәрі бос деген сонда не қарайған қазақтың ұл-қыздары отырғо билікте не парламенте сонда не солардың бәрі ауыш деп оилайсыңдарма олардыңда оилағандары бар шығар тек парламенте отырған ағалардан өтінерім елде жұмыссыздық көбеиіп баратыр осыны қолға алыңдар себебі күнен күнге сакрашение болып жатқандар көп

  16. Ғибадат 10 Мамыр, 2016 14:37 Жауап

    Владислав Косарев ағамыз шын мәнінде елдің азаматы екенін тағыда дəлелдеді.

  17. Қолқоюсыз 10 Мамыр, 2016 14:47 Жауап

    Казирги елдеги жерге катысты дау, уйктап жайбаракат жаткан партиялар арасында саяси алан тудырып отыр, биликке жету максатында бирин бири тутип жеуге дайын,басты кару халык, алданатын да сол халык, ози шыгарган занга ози багынатын билик келмейинше истин бари бос, тистегеннин аузында, устаганнын уысында кетеди, халык калай аш болса солай кала береди

  18. Сержан 10 Мамыр, 2016 15:31 Жауап

    Косарев мырзаныкі өте дұрыс.Халықтың адамы деп осы кісіні аиту керек.Жағымпаздар баилардың қамын оилағандар орындарынан кеулері керек.Қасымов,Сағадиев тағыда қорқып өз оиларың мемлекеттік стратегиясы жоқ жалтақ министрлер кетуі керек.

  19. Ukul 10 Мамыр, 2016 15:38 Жауап

    Ну Косарев всегда со своим мнением лезет ) ничего удивительного, коммунист же

  20. Сама 10 Мамыр, 2016 17:41 Жауап

    Халық пен билік қазіргі таңда келіссөздер жүргізіп жатыр. Жер мәселесі бойынша арнайы комиссия құрылды, оның құрамына халық арасынан адамдар қатысатын болды

  21. Қаратау 10 Мамыр, 2016 17:42 Жауап

    ең дұрысы бұл іске араласпау, қазір біз таудың басын ғана көріп тұрмыз. асығыс шешімнен аулақпыз

  22. Есен 10 Мамыр, 2016 22:55 Жауап

    Елбасы, осы уақытқа дейін халықпен ақылдасып келді, мына жердің мұнайын, мына жердің байлығын, мына жерді сатамын, мына жерді арендаға беремін деп иə. Осы уақытқа дейін ақылдаспай шешіліп келген шаруаны, халықпен ақылдасу керек деп қалыпты, призидент мырза, оның себебі , Қазақстан халқының бір кісідей бейбіт шеруге шығып, жерді стақанды қойып, арендаға беруге қарсы болып шыққан соң, халықты алдап бір жылға мараторий жариялап қойды, бір жыл тосып отырғанда қытайлардың тең жартысы Қазақстанға кіріп болмасына кім кепіл, соған қатты алаңдаймын. Менің жеке пікірім үкімет басындағылардың бəрі өз еріктерімен қызыметтерінен бас тартып, мемлекеттен тыққан қаражаттарын қалған өмірлеріне жұмсап демалғандары дұрыс деп ойлаймын.

  23. ереке 11 Мамыр, 2016 08:59 Жауап

    ондай жумыс істей алмаитын үкімет кімге керек, қазақ жастарын тарбиелесін орнына,,, солардан да мықты үкімет жасап шығады,,,,оған толық сенемін,,,,, мен жастарға сенемін,,,,

  24. Айдос 11 Мамыр, 2016 11:09 Жауап

    өте дұрыс, үкіметті жаңарту керек, ел қамын ойлайтын нағыз мықтыларды қою керек, жерді мүлде сатуға болмайды, ақмақ үкіметтін соғанда миы жетпегеніма, қанша қиындықпен келген жерді тіпті шетелдіктерге табан бастыруға болмайды, мен қолдаймын

  25. МИКА 12 Мамыр, 2016 00:29 Жауап

    Ия Масимовты баягыдан шыгару керек еди.Ютубтан карасаныз К.М акшаны онды солды шашады.Маселен:бир кушикти 1000$алады.Оданда сол акшаны муктаждарга бермейдима!Халыктын акшасы гой!

  26. Kermek 13 Мамыр, 2016 16:44 Жауап

    Қолдаймын .Косарев белсенділік танытуда, барлық депутаттар да осылай өз пікірлерін ашық білдірсе керемет болар еді

Пікір немесе жауап жазу