Бағдарламадағы басым бағыт – отандық өндірушіні қолдау

1061
9
Бөлісу:

Ак жол-25452016 жылдың 4 наурызында үгіт-насихат шаралары аясында «Ақ жол» партиясының жетекшісі А.Перуашев және Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Қ.Иса, Е.Барлыбаев, Б.Дүйсембинов, Р.Арынғазиндер Павлодар облысында еліміздегі сүт өнімдері саласындағы жетекші кәсіпорнның бірі «ФудМастер» компаниясының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының бағдарламасымен қысқаша таныстырып, сайлауалды бағдарламадағы басты бағыттар мен басымдылықтарға тоқталды. Ол партия бағдарламасының негізгі басымдылықтары – отандық өндірушілерді қолдап, қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қаблеттілігін арттыру деді.
Сонымен қатар «Мемлекет пен бизнестің басты жауы жемқорлық. Жемқорлардың құлқынынан Қазақстаннан шетелге әкетілген халықтың миллиардтаған қаражатын қайтаруымыз керек» деп атап көрсетті.Кездесуге жиналғандар зейнетақы қоры, ақылы медицина, білім беру саласы бойынша сауалдар қойды.
Кездесу соңында кәсіпорын ұжымы «ақжолдықтарды» өздерінің сүт өнімдерінен дәм татқызды. Одан кейін А.Перуашев пен Республикалық сайлау штабының мүшелері Павлодар «Мұнайхимия» Зауытының ұжымымен кездесті.

Мақаланың жариялану ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қорынан төленді

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. Алмажан 11 Наурыз, 2016 15:43 Жауап

    Партиялар сайлауалды бағдарлама аясында әр саланың қызметкерлерімен кездесу өткіззіп жатқандары өте орынды

  2. Асем 11 Наурыз, 2016 15:50 Жауап

    Партияның бағыты дұрыс, халық отандық өндірушілерді қолдап, ал өндірушілер халық сенімін ақтап, сапалы өнім шығаруға тырысуы тиіс

  3. Мирас 11 Наурыз, 2016 16:04 Жауап

    Партиясының бағдарламасымен толықтай келесемін, егер еліміздің экономикасын көтергіміз келсе, онда отандық өнімді қолдауымыз керек.

  4. Амир 11 Наурыз, 2016 16:28 Жауап

    Люди давайте покупать только товары нашего производства, не зачем обогащать других

  5. Болат 11 Наурыз, 2016 17:03 Жауап

    Отандық өндірушілер саны да, қатары да жыл санап артып келеді, сондықтан жағдайдың жақсарып жатқандығын көз көріп жүр.

  6. шаршаған адам 13 Наурыз, 2016 21:26 Жауап

    мен отандық өнімді қолдаймын тек пәтерлерде тұратын адамдарды шаршатып жіберген кәсіпкерлерді қолдамаймын себебі әкімге барып біздің үидің бірінші қабатынан ашып қоиған дүкен туралы аитсақ бұл елбасының бағдарламасы деиді сағат таңғы 07-00 баста түнгі 24-00ге деиін магазинде арақ сатылады ал сатуға болмайды деген саңға ол пысқырып қарамайды қайта біз айтақанымыз үшін олар бізді тіліңді қызып жүр деп қорқытады әне саған кәсіпкерді қолдау

Пікір немесе жауап жазу

он сегіз − он =