Бүгін Кәукен Кенжетаевтың дүниеге келгеніне 100 жыл толды

Бөлісу:

Бүгін әнші, Қазақстанның халық әртісі  Кәукен Кенжетаевтың дүниеге келгеніне 100 жыл толды.

11761916 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясын, Алматы консерваториясын бітірген.

1942-1946 жылдары аралығында Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет етті. 1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі. Ол Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Дударайында»), Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан-Сарасында»), Эскамильо (Ж.Бизенің «Карменінде»), Демон (А.Г.Рубинштейннің «Демонында»), Амонастро (Дж.Вердидің «Аидасында»), т.б. партиялары оның әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар болды. Ол 1957 жылдан бастап кинофильмдерге түсіп, режиссер («Жерге қайта оралуда»), әнші-әртіс («Біздің сүйікті дәрігерде»), Бауыржан Момышұлы («Ел басына күн тусада»), Қазанғап («Боранды бекетте»), Базарбай («Қыз Жібекте»), тағы басқа рөлдерімен көрермен ықыласына бөленген. Кенжетаев режиссер ретінде Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Амангелді», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», П.И.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», т.б. операларын қойды. Сонымен қатар «Алдар Көсенің айласы», «Қалқаман – Мамыр», «Сапар», «Баян жүрек», «Құсни – Хорлан», т.б. опреалар либреттоларының авторы. «Сильва», «Тыныш шаңырақ», «Фигароның үйленуі» опреаларының либреттоларын қазақ тіліне аударған. «Дархан дарын», «Мәжит Бегалин», «Высокий дар призвания» атты кітаптары жарық көрген. Оның репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар орыс, укран, татар, өзбек халықтарының халық әндері, сондай-ақ, Батыс Еуропа композиторларының шығармалары бар. Ол гастрольдік сапармен КСРО-ның қалаларында және көптеген шетелдерде болған. 2008 жылы қайтыс болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

29 ақпан күні Павлодарда Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрында Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің хас таланты» атты еске алу кеші өткізіледі.

Дерек көзі: ҚазАқпарат

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

19 + 2 =