Қазақстандық қыздардың жалаңаштанып түскен суреті желіде қызу пікірталас тудырды

7773

Суретші әрі фотограф Данил Олейник Instagram парақшасында қазақстандық модельдердің жалаңаштанған суретін жариялады.

трио

Аталған фото әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

Пікір жазушылардың бір бөлігі аталған суреттің өте сәтті шыққанын, мұны өнер деп бағалау керектігін айтқан.

Ал екінші топ қыздардың бұлай жалаңаштанып суретке түсуі елдің менталитетіне сай келмейтінін жазады.

Пікірталасқа қосылған фоторгафтың өзі: «Халайық, қыздарды қаралауды доғарайық. Бұлар топ модельдер» деп жазды.

Фотограф суреттің астына аталған қыздар үштігі жаңа әншілер тобы болуы мүмкін екенін тұспалдаған.

Белгілі болғандай, суреттегі арулардың бірінің есімі – Ғалия Шаймұхаметова. Ғалия Ақтау қаласында туылып, Алматы қаласында оқып, білім алған. «ҚазҰУ аруы» байқауына қатысушы.

галия шаймухаметова

галия

Суреттегі арулардың бірі Екатерина әлеуметтік желідегі парақшасында «Мүмкін біз жаңа Виагра шығармыз» деген хэштегпен аталған фотоны жариялаған.