Режеп Тайып Ердоған: Мен Ресейге отпен ойнамауға кеңес беремін!..

2458
3
Бөлісу:

Ресеймен қарым-қатынастардың Түркия үшін маңызы зор, оларға нұқсан келмеуі керек, деп мәлім етті Түркия президенті Тайып Ердоған. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

“Ресеймен қарым-қатынастар біз үшін өте маңызды. Бізде ынтымақтастық үшін зор әлеует бар. Және де біз оларға нұқсан келгенін қаламаймыз”, — деді Ердоған жұмада Байбұрт қаласында өткен митингте.

Бұл ретте, ол Ресейге “отпен ойнамауға” кеңес береді.

“Отпен ойнау — өз халқына қарсы террорға жол ашқан Асадтың режимін қолдау… Мен Ресейге шын жүректен отпен ойнамауға кеңес беремін”, — деді Ердоған.

Сондай-ақ Ердоған Парижде өтетін климаттық саммитте Ресей президенті Владимир Путинмен кездескісі келетінін айтты.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Сүгір 27 Қараша, 2015 23:28 Жауап

    Путиннің құйтырқы саясатының негізгі бағыты ол фашизм мен жаугершілік. Орыстардың ылаңына әлем тығырыққа тірелуде. БҰҰ алдында жауап берсін. Бүгінде бейбіт елдің, яғни біздің жүк тасымалдаушылар шығынға батып орыс шекарасында тұр. Бұл дегеніміз өзі айтқан «удар в спину » емес пе? Бұл дегеніміз Түріктерді желеу қылып Қазақтың артынан тасадан тас лақтыру.

  2. Инкар 28 Қараша, 2015 18:10 Жауап

    Маган осы Түркиянын президентти ұнайды. . Ешкимнен корыкпай тике айтатын адам..

Пікір немесе жауап жазу

4 × 3 =