Назарбаев: Қазақ хандығының 550 жылдығы – бүкілхалықтық мереке

Бөлісу:

Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументті ашу рәсімінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды ұлық мерекемен құттықтады.

image120926

Фото: news.gazeta.kz

«Бүгінгі біздің бас қосып отырғанымыз баршаңызға мәлім, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы. Осы ұлық мерекемен барлығыңызды шын жүрегіммен құттықтаймын. Елордамыздан бастау алған, 2000 жылдық тарихы бар Тараз  қаласында жалғасып жатқан бұл мереке біздің халқымыз үшін, әсіресе, келер ұрпақ үшін өте керек еді. Біз бодандық кезеңінде жүріп, тәуелсіздік алмай жүрген кезде өз тарихынан ажырап қалған халықпыз. Біздің тарихымыз терең екенін жастарға көрсетпесек, біздің онда «Мәңгілік Ел» болу деген идеямыз орындалмайды», – деді елбасы.

Сондықтан да мемлекет басшысы осы жылдардың ішінде көне тарихымызды барлық жер-жерлерден іздестіріп, тауып, жинап, жазып, есімізге түсіріп келе жатқанымызды баса айтты.

«Біз кеше ғана бола қалған халық емеспіз. Сонау сақтардан, ғұндардан, түркі мемлекеттерінен, одан кейін Алтын Ордадан қалған. Керей мен Жәнібек  артына ел ертіп, Шудың жағасына ту көтерген кезде, қазақ деген сөз сол кезде шыққан болатын. Соны дүниежүзіне паш ету үшін, әсіресе, ұл-қыздарымыз, келе жатқан ұрпақ тарихымыздың терең екенін білсін деп осыны жасап отырмыз. Қазіргі қиын-қыстау заманға қарамай осындай үлкен кешен ашып, ескерткіш қойдық», – деді президент.

Сонымен бірге елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығы бұл бүкіл халықтық мереке екенін де атап өтті.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы  бұл бүкіл халықтық мереке. Мерейтойлық шараға ежелгі қаланы жаңғыртып, келбетін тағы да бір өзгерттік. Тараздың 2000 жылдығын атап өтеміз деп бір жаңартқан болатынбыз. Енді 550 жылдыққа байланысты Тараз қаласының іші де, сырты да абаттанып, әдемі болды. Қазақстанның барлық облыстары атсалысты. Оларға зор рахметімізді айтайық», – деді елбасы.

Президенттің атап өтуінше, осының барлығы біздің ұрпақтың ата-бабалардың аманатына адалдығымызды, Ұлы дала рухына тағзымымызды білдіреді.

«Осы тойға 17 мемлекеттен арнайы келген барлық ағайынға рахметімізді айтамыз. Қазақ хандығының 550 жылдығы қазақтың тарих қойнауынан бері қарай өсіп-өркендеп келе жатқан ел екендігін, ұлт екенін көрсетеді. Еліміздің ұлы тарихын әлемге танытып жатырмыз», – деді Назарбаев.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 26 пікір жазылған

  1. Позтив 8 Қазан, 2015 15:20 Жауап

    Қазақ хандығының 550 жылдығы бұл бүкіл халықтық мереке. Мерейтойлық шараға ежелгі қаланы жаңғыртып, келбетін өзгерттік. Тойдың өтуіне жаппай ат салысып жатырмыз, ұлы той құтты болсын

  2. Акан 8 Қазан, 2015 15:21 Жауап

    Қазіргі қиын-қыстау заманға қарамай осындай үлкен шара ұйымдастырып отырған басшылыққа мың алғыс, халық қуанышы жалғаса берсін

  3. жулдызай 8 Қазан, 2015 15:21 Жауап

    550 жылдық мерейтойымыз бұл тарихи маңызы зор бүкіл халықтық мереке, осы мерекені пайдаланып көне қалаларымыздын бірі Тараз қаласының көркі кіріп біршама ажарланып калды

  4. Айжан 8 Қазан, 2015 15:24 Жауап

    осы іспеттес шараларды жалпы Қазақстанның барлық қалаларында өткізіп тұрса бүкіл қазақстан көркейер еді

  5. Индира 8 Қазан, 2015 15:25 Жауап

    Халықтың патриоттық сезімін ұлғайтқан айтулы шара қазақ тарихының бір беті

  6. бибайша 8 Қазан, 2015 15:26 Жауап

    Менім ойымша бұл шараның өту мақсаты бұл сонау заманнан келе жатқан киелі тарихымызды қайтадан жаңғырту өсіп келе жатқан ұрпаққа өнеге қылу

  7. саида 8 Қазан, 2015 15:28 Жауап

    Весь наш казахский народ, наши предки внесли свой неоценимый вклад в становление казахского ханства, многие наши ханы, батыры сражались за необъятную нашу землю со многими соседями, недоброжелателями и охватили такую богатую землю – землю казахов. Сохранили и донесли до потомков это богатство. В память о их деяниях мы не должны предать забвению нашу историю, каждый гражданин обязан знать свою историю.

  8. Эля Эля 8 Қазан, 2015 15:34 Жауап

    Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің өз тарихын таразылап, ұлылығын ұлықтайтын күн туды. Сондықтан, биылғы тойдың өтуі халқымыз үшін аса жауапты сәт болмақ

  9. Асель 8 Қазан, 2015 15:45 Жауап

    Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық мерекесі – ұлы оқиға. Тәуелсіз мемлекет еңсесін көтеріп, тізесін тіктеп алып, өз қуатын өзі дәлелдейтіндей деңгейге жеткен кезде бұл тойлануы ерекше құбылыс.

  10. Жуман 8 Қазан, 2015 15:46 Жауап

    Празднование 550-летия Казахского ханства играет особую роль в воспитании в сознании молодежи чувства патриотизма. Эта дата очень значима для всей страны, каждый из нас должен получить для себя новые знания и по-новому взглянуть на эпоху становления казахской государственности.

  11. динара 8 Қазан, 2015 15:53 Жауап

    Надеюсь, казахстанцы почтут память предков, оставивших нам такое государство. Это событие должно поднять дух народа и укрепит патриотизм молодежи

  12. сабира 8 Қазан, 2015 15:54 Жауап

    550-летие Казахского ханства – это отражение преемственности для казахстанской молодежи, знак того, что нынешнее поколение просто обязано сохранить накопленные знания, традиции и обычаи родного народа уже для своих потомков

  13. арман 8 Қазан, 2015 15:55 Жауап

    Это преемственность, которая переходила из тысячелетия в тысячелетие. Поэтому, народ обязан знать историю Казахстана, и празднование 550-летия Казахского ханства является важным событием, которое послужит консолидации нашего общества.

  14. Макпал 8 Қазан, 2015 16:21 Жауап

    Бүгінгі Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетіміз – ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Сондықтан бұл мерейтойды тарихымыхымызды, ірі тұлғаларымызды ұлықтайтындай етіп атап өтуіміз қажет.

  15. Айжан 8 Қазан, 2015 16:23 Жауап

    Осыдан 550 жыл бұрын Керей мен Жәнібек хандарымыз 200 мың халықпен Қозыбасыда бүгінгі Қазақстан мемлекетінің негізін қалады. Ендеше бұл — тарих сахнасында өткен 550 жыл қазақ халқының, еліміздің ұлы мейрамы.

  16. Жарас 8 Қазан, 2015 16:24 Жауап

    Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – бұл мемлекетіміз үшін де, еліміз үшін де үлкен тарихи оқиға.

  17. Зауре 8 Қазан, 2015 16:25 Жауап

    Бұндай тарихи мерейтойларды жоғары дәрежеде атап өтуіміздің басты себебі, келшек ұрпақтың санасына патриотизм сезімін жеткізу. Қазақ хандығының 550 жылдығы құтты болсын!

  18. Дана 8 Қазан, 2015 16:28 Жауап

    Бүгінгі тарихи мереке еліміздің ең ірі, ұлы мерекесі деп білемін. Бұл той арқылы біз өскелең ұрпақтың бойында тарихи сана-сезімді күшейтіп, ата-бабаларымыздың бай мұрасын қастерлеуге үйретуіміз керек.

  19. Жансұлтан 8 Қазан, 2015 16:30 Жауап

    Елбасымыз бізге үлкен өсиет айтты, адамның арқасын қоздыратын сөздер айтты. Еліміздің шаңырағы ешқашан шайқалмасын, еліміз мәңгі жасай берсін!

  20. Шынар 8 Қазан, 2015 16:33 Жауап

    Бұл мереке арқылы біз Қазақстанның үлкен тарихы барын бар әлемге паш ету тұрғысынан да аса маңызды. Сондықтан мерейтойды кең көлемде атап өтуіміз керек деп ойлаймын.

  21. Dina 8 Қазан, 2015 17:27 Жауап

    Куанышымыз кутты болсын, аркашанда Казак халкынын мартебеси биик болсын!

  22. Сүгірбай 8 Қазан, 2015 19:38 Жауап

    Бұл той Қазақ деген халық барын, олардың өз мемлекеті болғанын, шекарасы болғанын дəлелдейтін той. Осы тойдың аясында барша қазақ жерінде жақсы іс-шаралар өтуде.Соның бір айғағы ретінде Арқалықта 10-күні жалпы қалалық шеру, ойын-сауықтар өткізілмек.той көбейсін ағайын

  23. Алашхан 8 Қазан, 2015 20:06 Жауап

    Баршанызга белгили, Тауелсиздик куни мерекеси, Жана жыл мерекесинин коленкесинде калып келе жатканы. Менин усынысым, Казах хандыгы курылган кунди белгилеп, сол кунди ари Казах хандыгынын, ари Тауелсиздик куни ретинде атап отуди занмен бекитсе. Сонда гана Тауелсиздик кунин жалпы халыктык мерекеге айналдыра аламыз деп ойлаймын. :bala: :bala:

  24. Зулпия Шамсиддиновна Торебекова 11 Қазан, 2015 06:40 Жауап

    Қазақ Хандығына арналған тойдан үлкен үміт күтемін, себебі, бұл той басқа тойлардан ерекше болуы керек! Бұл тойдың алдында елге құдайы тарату керек сияқты. Әр отбасыға бір қап ұннан беріп шықса, соның өзі қандай сауап болмақ! Құран бағыштап нан таратып отырамыз! Астанаға баратын жағдайымыз болмай да қала ма?

Пікір немесе жауап жазу

13 + 8 =