Қазақ тіліміздің әлемге танылған күні – Елбасының Қазақ хандығының 550-жылдығына тамаша тарихи сыйлығы болды – Азат Перуашев

Бөлісу:

 

Azat 1-1

 Елбасымыздын БҰҰ-да қазақ тілінде сөйлеуі жақсы жалғасын табуда. Бүгін Парламентте «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев қазақ тілінде депутаттық сауал жолдап, Үкіметтен қазақ тілінің жайын сұрады.

Депутаттық сауал 

ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке

 

Құрметті Кәрім Қажымханұлы!

 Бүкіл әлемге белгілі болғандай, биылғы жылы 27 қыркүйекте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасағаны тарихи оқиға ретінде бағаланып жатыр.  Қазақ тіліндегі баяндама халықаралық  алты тілге аударылды. Экономикалық дағдарыс күшейіп, бүкіл дүние дүбірлеп  тұрғанда,  әлемдік күрделі мәселелерді кесімді де, шешімді түрде түйінін түйіп айту, әлемнің бүкіл мемлекет басшыларына құнарлы қазақ сөзімен құйып айтудың бағасын ешнәрсемен салыстыруға болмас…

Қазақ тілін бүкіл әлем тыңдады!  Тәуелсіздігіміздің 24-ші жылында Елбасымыз қазақша жасаған баяндаманың себебін:

“Біздің тіліміз дүниежүзіне естілсін, құлақтарына сіңсін деп ойладым. Ары қарай жылжыта береміз. Мен әдейі солай жасадым. Сондықтан  мен айтқаннан кейін менен кейінгі біздің басшылар   солай сөйлейді деп сенемін!”, – деп түсіндірді.

Иә, қазақ тілін әлемнің 193 президенті тындағаны – ұмытылмайтын сәт! Тіліміздің әлемге танылған күні Елбасының Қазақ хандығының 550 -жылдығына тамаша тарихи сыйлығы болды деп білеміз!

Ал,  енді мемлекеттіліктің символы болып табылатын мемлекеттік тілдің Конституцияға сай  дәрежеде дами беруі үшін тек Елбасымыздың   ерекше ерлік еңбегіне ғана қарап, отыра беруге болады ма? Үкімет мүшелері,Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам өкілдерінің барлығы мемлекеттік тілде сөйлеген Президентімізден үлгі алуға тиіс.

Сол себептен, Ақ жол фракциясы Мемлекеттік тілдің Конституцияға сай болуы және Тілдер туралы Заңымыз бен  Тілдерді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыстарды  іске асыру туралы Үкіметтен мерзімаралық есебін беруды сұрайды.

Сонымен қатар,  бұған мемлекеттік органдармен бірге саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, әр қазақстандық өз үлесін қосуғаміндетті. Әсіресе,  БҰҰ-ның Қазақстандық үлгісі аталып жүрген Қазақстан Халқы Ассамблеясы өзін көрсететін кез келді. Осылайша Елбасы бастамасын Қазақстандық Ассамблеямыз жалғастырып, Президентіміз  айтқандай, “Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің  басты факторы” екенін іспен дәлелдейді деген сенімдеміз.

Өз тарапынан, «Ақ жол» партиясы өзінің саяси бағдарламасында да баса назар аударғандай, Мемлекеттік тіліміздің дамуына Елбасымызбен бірге еліміздің әрбір азаматын жеке үлесін қосуға шақырады.

 

Құрметпен,  «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары

qazaquni.kz

 

 

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 33 пікір жазылған

  1. admin 7 Қазан, 2015 14:48 Жауап

    Елбасымыздын БҰҰ-да қазақ тілінде сөйлеуі жақсы жалғасын табуда. Бүгін Парламентте «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев қазақ тілінде депутаттық сауал жолдап, Үкіметтен қазақ тілінің жайын сұрады.
    http://www.qazaquni.kz/?p=41119

  2. Ләйлім Маратқызы 7 Қазан, 2015 15:01 Жауап

    Өте жақсы сауалды көтерді, бақандай 25 жылда қазақ тілінің мәртебесі көтерілуі керек еді. Қазір қандай мемлекеттерге барсақ, ана тілінде сөйлейді. Біздің де ана тіліміздің таңы жарқырап шығатын күн болатынына сенімдімін.

  3. Аманжол 7 Қазан, 2015 15:17 Жауап

    Қазақстандық әрбір азамат сөбен емес осылай Елбасымыз сияқты ісімен дәлелдесін. Қазақ хандығының 550 жылдығыны қазақстандық әрбір жан осылай тарту жасауға жазсын.

  4. Махамбет Ерғали 7 Қазан, 2015 15:43 Жауап

    Міне, нағыз халық сөзін сөйлетін азаматтар! Жарайсыз, Азат Перуашев мырза! Елбасының өзі бастап бергенді ең болмаса, осылай алып кетуді Нұротандық Премьер, 88 депутат, қаптаған министр, әкімдер неге ойламайды. Коммунистерге болса да, қазақ тілінің қажеті жоқ!

  5. Аликон 7 Қазан, 2015 16:00 Жауап

    Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашығы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Иә, және де Елбасымыздың Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасағаны тарихи оқиға ретінде бағаланып жатыр. Өте қуаныштымыз! Қазақ тіліміз бүкіл әлемге танымал болды. Сонымен қатар, Еліміздің игілі үшін көптеген бастамаларға себепші боп жүрген «Ақ жол» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтің депутаттық сауал жолдауы өте орынды. Халық сөзін сөйлеп жүрген азаматтардың бірі! Жарайсыздар! Қазақ тіліміздің мәртебесі өсе бергей!

  6. Асқар 7 Қазан, 2015 16:03 Жауап

    Тұңғыш рет қазақ тілі Біріккен Ұлттар үйымының мінбесінде Елбасымыздың аузынан айтылды. Бұл қазақ халқының, қазақ ұлтының мәртебесі. Парламент Депутаты Перуашев мырза бұл туралы Парламент мәжілісінде мақтанышпен айтты. Ұлтымыздың мәртебесі аса берсін.

  7. Тасбике 7 Қазан, 2015 16:13 Жауап

    Қазақ тілін білу немесе үйрену Қазақстандық әрбір азаматтың міндеті, борышы деп білемін. Кез-келген азамат әлеуметтік сайттарда қазақ тілінде пікір жазып, бөліссе Қазақ хандығының 550 жылдығына өзінің қосқан үлесі болар еді.

  8. Ордалық 7 Қазан, 2015 16:17 Жауап

    «Ақ жол» партиясының Қазақ хандығының 550 жылдығын, Алаш мәселесін қолдап жатқанына өз басым ризамын. Еліміздегі басқа да партиялар осы бастаманы қолдап өз үлестерін қосса нұр үстіне нұр болар еді. Ақ жолдықтар алға!

  9. Абылай 7 Қазан, 2015 16:21 Жауап

    «Ақжолдың» мұнысы жөн болды. Елбасының БҰҰ-дағы сөзін қазақ тілінің қоғамдағы орнын күшейтуге пайдаланған жөн. Ең қызығы, енді Үкімет не деп жауап берер екен? Амалсыздан болса да бірдеңе айтуы керек қой.

  10. Жәнібек 7 Қазан, 2015 16:25 Жауап

    Мәселен, Қызылорданың қазақтары түгілі өзге ұлт өкілдері – өзбек, татар, орыс, кәріс, шешендері де қазақшаға судай. Сондықтан, Қазақстанның қазақи облысы Қызылордадан басқа да облыстар үлгі алсын.

  11. Мухаммед 7 Қазан, 2015 17:00 Жауап

    Менің пікірімше, алғаш рет шет мемлекеттер өкілдері қатысқан осындай үлкен басқосуда Қазақстан Республикасы делегациясы мінберден өз баяндамаларын қазақ тілінде сөйледі. Бұнын өзі үлкен жетістік, батылдық, басқа мемлекеттер басшыларына сабақ болар қадам деп ойлаймын. Осы Елбасымыздың бастамасы ары қарай Қазақстандық шенеуніктер тарапынан жалғасын таба берсе деп тілейміз.

  12. Әликен 7 Қазан, 2015 17:48 Жауап

    Жарайсыңыз, Азат Перуашев! Көптеген бастамаларды қолға алып жүрген бірден- бір азамат! Халықтың жанашырларының бірі…. Биіктей беріңіз! Енді Қазақ тіліміздің мәртебісін көтеруді қолға алу керек.! Әр Қазақстан азаматы өзінен бастау керек!

  13. Алия 7 Қазан, 2015 17:49 Жауап

    Елбасын БҰҰ-да қазақ тілінде сөйлеуі,әлемдік аренада қазақ тілін танытуы.Бұл біздің тіліміздің әлемде өз орны барлығын танытады.Алда да осылай жалғасын таба береріне сенімдіміз.Ақжолдықтар бұған толықтай қосылады.

  14. Алашхан 7 Қазан, 2015 19:02 Жауап

    Осындай «наукан» кезинде белгили болады биздин шенеуниктердин таза бет пердеси. Тауелсиздик ен алдымен осы тилимизбен, адет гурпымызбен, динимизбен, тауелсиз саясатымызбен накты занмен бекитуден басталуы керек еди. Елбасы уш тилди катар колдан десе, ду кол шапалак, баска елдермен одак курайык десе, ду кол шапалак, 25 жылдан кейин казахша сойлесе, ду кол шапалак. Неткен «жаналык» сонша жар салатындай. Бул арбир казахстандыктын Ата Зан алдындагы миндети емес пе? Ашыгын айтсак, баска-баска, иргемиздеги озбек те, орыс та, монгол да тукиргени бар тилине. БАК, телеарна, радио 50*50 емес, 90*10 болмай бари кур былшыл. Ане, Ресейлик «Еуразия» арнасы оздерин Казахстаннын биринши арнасы деп, бок жеп жур. Мыкты болсан, Азат, сонын ауызын жауып берши. Сол кезде жеке барып, колынды алып, «шоумен» емес, АЗАМАТ екенинди мойындайын. :aaa:

  15. Биган 7 Қазан, 2015 21:12 Жауап

    Неткен бейшара халық едік,өз тіліміз де өзіміз сөйлесек құды жаңалық ашқандай мəз боламыз

  16. Қанат 8 Қазан, 2015 10:20 Жауап

    Елбасының БҰҰ-ң Бас Ассамблеясында қазақша баяндама жасауы – бұл ерекше қуанарлық оқиға. Осыған орай А. Перуашевтің депуттатық сауалы ақжолдықтарды, тіпті, жалпы қазақ елін дүр сілкіндірді деп ойлаймын. Үкімет, жауап береңіз!

  17. Сабина 8 Қазан, 2015 10:31 Жауап

    Мен өзім де қазір қазақ тілін қолға қатты алып жатырмын. Сондықтан, Азат Тұрлыбекұлының Үкіметке жазған сауалын қолдаймын. «Қазақ үні» газетінде «тіл түзелмей ел оңалмайды» деп өте дұрыс айтылған

  18. арман 8 Қазан, 2015 10:48 Жауап

    Елбасының БҰҰ-да қазақ тілінде сөйлеуі,әлемдік аренада қазақ тілін танытуы.Бұл біздің тіліміздің әлемде өз орны барлығын танытады.Алда да осылай жалғасын таба береріне сенімдіміз.Ақжолдықтар бұған толықтай қосылады.

  19. Талғат 8 Қазан, 2015 18:42 Жауап

    Азат Тұрлыбекұлының депутаттық сауалын толығымен қолдаймын! Өз тілімізде сөйлеу – өз халқын, өз елің сыйлау болып табылады. Оны Президентіміз бастаса, үкімет қолдап, баршамыз қазақ тілінде сөйлеуге бет бұрсақ, басқа ұлт өкілдері де Қазақ мемлекетінде тұрып жатқанын сезініп, қазақ тілін үйренуге бел байлайды.

  20. Әбіл Жәкенев 9 Қазан, 2015 09:31 Жауап

    Алашхан мен Биган дұрыс айтты: елді басқарғанына 25 жыл болған қазақтың қазақша сөйлегеніне аспаннан майшелпек жауғандай қуану сиырдың торай таппай бұзау тапқанына қуанумен бірдей. Перуашев та үкіметке депутат болысымен қояр сауалын енді қойып, президенттің көзіне түсіп қалуды ойлай білді. Өй, шікіллер, жағымпаздықтан чемпионат болса, талайың жүлде алар едіңдер, ә? :kulki:

  21. Құралай 9 Қазан, 2015 10:24 Жауап

    Елбасымыздың қазақ тілінде сөлеуі еліміздің тәуелсіз, әрі егемен ел екенін бүкіл дүниежүзіне көрсеткендей. Президентімізден үлгі алып, тіліміздің мәртебесін көтерейік. :unatu:

  22. Мира 9 Қазан, 2015 10:34 Жауап

    Бүкіл әлем әсем қазақ тілін естігеніне қуаныштымын!Елбасымыздың бұл ісін мақтан тұтамын!

  23. Ерлан 9 Қазан, 2015 10:46 Жауап

    Азат Тұрлыбекұлының депутаттық сауалы өте орынды.БҰҰ-ның төрінде біздің Ана Тіліміздің төрден орын алуы үлкен жеңіс деп есептеймін. Қазақ тіліміз бұдан да жоғарғы деңгейде көріне берсін.

  24. Мирас 9 Қазан, 2015 11:19 Жауап

    Азат Тұрлыбекұлының Үкіметке жазған сауалы оңды.Баршамыздың бұл ұсынысты қолдағанымыз жөнді болар.Бүкіл қазақ болып, тілімізді төрімізден төмен түсірмейік.

  25. Арлан1982 9 Қазан, 2015 11:22 Жауап

    Қазақ тілі әлемдік аренада -БҰҰ-да тұңғыш рет сөйленді, естілді. Енді осы үрдістің жағасуын тілейік! Депутат А.Перуашевтың сауалын қолдаймыз!

  26. Бақытжан 9 Қазан, 2015 12:44 Жауап

    Қазақ тілінің дамуын тездетуге бағытталған уақытты депутаттық сауал! Депутат А.Перуашевтың сауалын толығымен қолдаймын.

  27. Көкбөрі 10 Қазан, 2015 02:20 Жауап

    Әбіл Жәкенов мырза! Салмақты ойлар жазып жүрсіз. бірақ мен сіздің «Перуашев та үкіметке депутат болысымен қояр сауалын енді қойып, президенттің көзіне түсіп қалуды ойлай білді.»-деген сөзіңізбен келіспеймін. Азат Перуашев депутат бола салысымен халықтың сөзін сөйлеп келеді. 2012 жылы «Ақ жол» Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын дайындап, оны үкімет өткізбей тастағанын кезінде «Дат» газетіне де шығып еді, оны сіз неге аяқ астынан оқымаған болып шығып отырсыз… Білмеген нәрсені айтарда сақ болу керек…

  28. Рашит Ахетұлы 10 Қазан, 2015 11:56 Жауап

    Қазақ тілін қорғаған Азат Перуашевтай қайраткерлерді бәріміз тек қолдауымыз керек.

  29. Кенесары 10 Қазан, 2015 11:57 Жауап

    «Ақ жол» алға! қазақ тілі Атазаңға сай алда болуы керек! Азат жарайсың!

  30. Мұхан 10 Қазан, 2015 11:59 Жауап

    Бізге шетелдің – Ресей тілінің бір тиынға қажеті жоқ, қашан өз тіліміз заңды төріне шыққанша

  31. Мақсұт. 11 Қазан, 2015 21:50 Жауап

    Ойпырмай,ойпырмай! Қазақ еле\інің қазақбасшысы қазақ тілінде баяндама жасамағанда чукча тілінде сөйлеуі керек пе еді?! Неткен Сорлылық! Барак Обама қазақ тілінде сөйлеп жатқан жоқ қой? В,Путин орысша сөйледі ғой? Неге Н.Назарбаевтың қазақша сөйлегені соншама таң қаларлық жаңалық? Жағымпаздық осыншама қорлық күйге түсуіне не себеп болды?

  32. Гранит Ұнтақтегі 12 Қазан, 2015 18:44 Жауап

    Біраз адамның бөркін аспанға атуы тегін бе?Жоқ әрине.Мақтанады да. «Пістің елде андай бар, мұндай бар»Ал сіздің үйде ше?» пістің үйде жоқ, пістің елде бар» Даңғой әжей болатын бір.Аянышты.Дегенмен, ер мінезді, кең қазақсыңдар ғой! Бұл деген қатынөсек емес, бұл деген ірі жаңалық!Мақтаналық-ол біздің елбасы!Расы керек, жағдай уродты еске түсіреді:басқа бала киген киім, ойнаған ойын урод кисе, ойнаса сенсация тудырады. Ал біздікі құдайға шүкір, түр десе түрі, тіл десе тілі бар басшы ғой!Тек рухани уродтығымыз болмаса.Өмірді өзгерту сыры:барлық қазақ жиналып бір күні сірә ай толған түні шығар, яки қаддір түні 00:00 де аспанға қарап А Құдай,айда, жылда аман қыл, арлы,құтты заман қыл!Жақсыны жарылқа, жаманды есірке! дегендей бір ұранды күркірете айтуымыз керек. Сонда естиді. Иманды, дені сау,арлы һәм тым еңбекқұмар болып кетеміз!15 жыл бұрын аузы дуалы біреуден естігем.

Пікір немесе жауап жазу