Дулат Исабеков: Қазақ хандығының 550 жылдығы – саяси да, рухани ең орынды мерекелердің бірі

1477
27
Бөлісу:

дулат исабеков

Алматыда «Қазақ елі» анимациялық фильмі жайлы баспасөз мәслихаты болып өтті. Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін атап өту жалаң ұран емес, саяси жағынан да, рухани жағынан да ең орынды өтіп жатқан мерекелердің бірі екенін ерекше атады.
«Өткенді түгендеу керек. Тарихымыз жайлы бірнеше пікірлер бар. Балалардың миын қатырып жібердік. Отаныңды сүй дегенмен балалар сүйе қоймайды. Ол үшін тарихымызды балаларымыздың көз алдынан өткізуіміз керек. Мына «САҚ» киностудиясының жарнамасын көріп сүйсіндім. Сценарийін күні кешеге дейін талқыладық» – деді Дулат Исабеков.
«Қазақтың тарихын көрсету кезінде киіз үймен ғана шектеліп қаламыз. Орта ғасырларда қазақ жерінде өте ірі қалалар болған. Отырардағы кітапхананы алсақ, әлемдегі ең ірі кітапхана болған. Мультфильмде үлкен сарайларды, елшіліктерді қабылдап жатқанын көрсетеміз. Бұл дүние балаларға арналып жасалған соң кішкентайларды жалықтырып алмас үшін қызықты юмор келтірілген», – деді фильмнің режиссері Батырхан Дәуренбеков.
Жаңа мультфильм 1456-1465 жылдар аралығындағы Қазақ хандығының қалыптасу кезеңін көрсетеді. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында фильмде Керей мен Жәнібектің бала кездерінде бастарынан өткен қызықты оқиғалар да қамтылған.

Зейнолла Қабиоллаұлы

«Қазақ үні» газеті

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 27 пікір жазылған

  1. Қанат 9 Қыркүйек, 2015 17:33 Жауап

    Біздің анимация да жаңа деңгейге жетті! Міне, өзіміздің тарихымызға жүгініп, анимациялық фильм түсіргелі жатырмыз! Бүлдіршіндер мен оқушылар да бұл фильмді мақұлдайды

  2. Даулет 9 Қыркүйек, 2015 18:02 Жауап

    Толықтай келісем, 550 жылдық мерей тойымыздың тарихи құндылығы зор, сондықтан осы мерекелік шараны қолдау аясында шығарылмақ анимациялық фильм халықтың көңілінен шығатыны сөзсіз!

  3. жантуган 9 Қыркүйек, 2015 18:30 Жауап

    Дұрыс айтады. 550 жылдықты биік дәрежедле тойлауымыз керек. Оның әр күнін тарихи маңызды етіп жасайық.

  4. Айнұр 10 Қыркүйек, 2015 10:31 Жауап

    Қазақ хандығының 550 жылдығын лайықты атап өтеміз деген ойдамын. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын.

  5. Марат 10 Қыркүйек, 2015 10:33 Жауап

    Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қазақ мемлекеті үшін – үлкен қуаныш. Тойымыз тойға ұлассын.

  6. Жаслан 10 Қыркүйек, 2015 10:39 Жауап

    Қазақ хандығының дербес шаңырағын көтергеніне, ел байрағын жербіреткеніне 550 жыл толып отыр. Бұл мерекені жоғары деңгейде атап өту – барша қазақтың міндеті.

  7. Самат 10 Қыркүйек, 2015 10:42 Жауап

    Бүгінгі Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетіміз – ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы Сондықтан бұл мерейтойдыің маңызы өте зор.

  8. Даурен 10 Қыркүйек, 2015 10:47 Жауап

    Өте керемет Бұл анимацияны бүлдіршіндер қызыға көреді деген ойдамын, әрі олардың тарихымызбен танысуға үлкен септігін тизетініне сенімдімін.

  9. Кенже 10 Қыркүйек, 2015 10:52 Жауап

    Мерейтой қарсаңында ұлттың тарихи санасын қалыптастыру, нығайту жолында көптеген іс-шаралар ұйымдастырырылды. Бұл фильм арқылы да баларымыз бойында Отанға деген сүйіспеншілік, тарихымызға деген құрметті қалыптастыра аламыз.

  10. Ермахан 10 Қыркүйек, 2015 12:54 Жауап

    Меніңше, атаулы күн мерекеленеді деген сәттен бастап, әрбір қазақстандық осы шараларды асыға күтіп жүр деп ойлаймын. Ал мүльфильм мен көркем фильм біздер үшін үлкен маңызға ие.

  11. Әлия 10 Қыркүйек, 2015 13:06 Жауап

    Егемендігіміздің арқасында осындай дүбірлі шаратһны атап өтіп жатырмыз. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

  12. Зайсан 10 Қыркүйек, 2015 13:16 Жауап

    Елімнің мәртебсін арттыратын шаралар өтеді деп күтемін! Жаса, Қазақстан! Жаса Қазақ елі!

  13. Шара 11 Қыркүйек, 2015 11:40 Жауап

    бір серпіліп қалатын болдық. кино түсіріп, мультфильм түсіріп, пьеса жазып… өз-өзімізді ұмытып мәңгүрттеніп кетпеудің жалғыз жолы осы, тарихты тану.

  14. Рауан 11 Қыркүйек, 2015 11:41 Жауап

    шымкенттіктердің бұрынғы мульфильмдерін көргем. түрлі-түсті, қанық бояулы. маған ұнайды.

  15. Рауан 11 Қыркүйек, 2015 11:41 Жауап

    ең бастысы, маған емес, үйдегі кішкентай бұзықтарға ұнайды. «қошқар мен текені» күнді бір рет көрмесе бастары ауырады))

Пікір немесе жауап жазу

17 + он алты =