Медведевтің Украинаға ескертуі

1168
2
Бөлісу:

medvedev00Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев «Украинаның ТМД құрамынан шығып кете алатынын, бірақ мұны істеген жағдайда еркін сауда аймағының артықшылықтарынан айырылатынын» айтты.
Медведев бұл мәлімдемесін 30 мамыр күні Минск қаласында өткен ТМД үкімет басшыларының отырысында жасады. Украина билігі парламент қарауына 14 наурыз күні ТМД құрамынан шығу туралы заң жобасын енгізген еді.
Медведевтің айтуына қарағанда, Украинаның ТМД-дан шығу мәселесі Киевтен жоғары лауазымды өкілдердің келмеуіне байланысты қаралмаған.
ТМД-ның Минск отырысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан үкімет басшылары немесе олардың орынбасарлары қатысты.
Ресей президенті Владимир Путин Киевті «қантөгісті тоқтатып», шығыс аймақтар өкілдерімен (үкімет күштерімен қақтығысып жатқан сепаратистерді айтады – ред.) «диалог бастауға» шақырып отыр.

nur.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Шарбат 2 Маусым, 2014 13:21 Жауап

    Медведев те сөйлейтін болғанба Путиннің көлеңкесі еді ғой Украинаны қорқытудан ешнәрсе шықпайтынын неге түсінбейді олар алған бетінен қайтар емес өте қайсар халық екен

  2. Сагыныш 2 Маусым, 2014 13:38 Жауап

    Медведев Украинаға қоқан-лоқы көрсетуге қақысы жоқ. Украина ТМД-құрамынан шыққысы келсе шығады.Құтырған кремльдіктер шектен шығып кетті

Пікір немесе жауап жазу