"ЕВРАЗИЯ- 1 КАНАЛ" телеарнасына НАЗАРБАЕВТАН ПУТИН АРТЫҚ ПА? Бұл не сұмдық?
2014 ж. 19 наурыз
5781
9
Біз Ресей құрамына кіріп кеткенбіз бе? Жаңалықтардың негізгі блогы, анонсы алдымен елдегі оқиғаларға арналмай ма? "Еуразия-1 канал" арнасының 21.00-дегі жаңалықтары - ә дегеннен Ресейдің Қырымды қосып алғанына арнады. Қалың жауды қиратып тастағандай пафоспен берілді. Одан соң - Қырғызстанға көшті. Екінші блокта ғана ел оқиғасына оралды. Елбасы Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің жиынын өткізіпті. Одан кейін Путиннің рейтингіне бір тоқталды. Сосын барып Қайрат Келімбетовты көрсетті. Телеарна саласында жүрген тәжірибемде бұрын-соңды мұндайды көрмеппін.
Өзін-өзі сыйлайтын арна алдымен ел жаңалықтарынан бастайды. Ең алдымен Президент Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесін өткізгенін айтуы керек. Агрессорлардың оккупациясына айтқысы келіп бара жатса - соңғы блоктың алдындағы халықаралық жаңалықтарға салуы керек еді. Мұны бізде ешкім бақыламай ма? Кеше ғана қызметіне кіріскен Ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев жұмысты бірден осыдан, ұлттық ақпараттық қауіпсіздіктен бастауы керек!
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қайда қарап отыр?
Президент әкімшілігі қайда қарап отыр?
"Нұр Отанның" қаптаған бақылау ұйымдары қайда қарап отыр?
"ОРТ-Еуразияның" басшысы Сергей Киселевті, жаңалықтар бөлімінің бас редакторы - Ресей азаматы Александр Замысловты ешкім орнына қоя алмай ма?
Ақпараттық қауіпсіздігімізге кім жауап береді?
"Ел арнаны" жапқаншы, бюджеті "Ел арнаның" жалған 2 миллиардын бес орайтын осы арнаны жаппай ма?!
Оу, қайдасың, "Мәңгілік ел"?!.