ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ жауап беруден БАС ТАРТҚАНДАР жұмыстан ҚУЫЛДЫ!!!
2017 ж. 18 қыркүйек
6488
40
Павлодар қаласында тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің қиындыққа тап болғанын жақында "Қазақ үні" ұлттық порталы жариялаған болатын.
Павлодар қаласында тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің қиындыққа тап болғанын жақында «Қазақ үні» ұлттық порталы жариялаған болатын.
Еске сала кетсек, Руза қаладағы 7 трамвай кондукторына «Қазақ тілінде неге xабарламайсыз» деп, мемлекеттік тіл мүддесін – мемлекет мүддесін қорғағаны үшін кондуктордан «Қазақ тілі неге керек»-деген нешетүрлі қорлау, жала сөз есітіп, трамвайды тоқтатқан! Оқиға орынына полиция шақырылып, оны алып кетпекші болған!
Аталмыш оқиғаға «Қазақ үні» ұлттық порталы бастап, бір топ зиялы қауым, қоғам қайраткерлері үн қосып, тіл жанашырына араша түсті. Бүгін Руза ханым әлеуметтік желіде сол трамвайдың кондукторы мен жүргізушісі қызметтен қуылғанын жазды.
Біз мемлекеттік тіл туралы заңды бұзған трамвай жүргізушісімен қоса кондуктор мен контролерді заңға сәйкес жұмыстан шығарып мемлекеттік мүддені қорғаған трамвай басқармасы басшылары А.Рыбалко мен Айтуар мырзаларға алғыс айтамыз.
Қазақ тілі үшін жанын аямайтын Руза Бейсенбайтегінің ерлігі барша қазақ баласына үлгі болса екен дейміз!!!
qazaquni.kz
http://www.qazaquni.kz/2017/09/16/74814.html