Мұхтар Тайжан игерілмей жатқан жерлерді шеттегі қазақтар үшін сақтап қоюды ұсынды

1481
38
Бөлісу:

Бүгін Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында экономист, қоғам қайраткері, комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан игерілмей жатқан жерлерді әлі Қазақстанға орала алмай жүрген қандастарымызға сақтап қою туралы ұсыныс айтты.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдауға әбден дайынбыз», – деген ойын айтты Тайжан.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста шекарадағы жер мәселесі, жерді өз азаматтарымызға жалға беру мәселесі және жайылым мәселесі қаралды.

«Бірақ ары қарай біз демографияны ұмытпайық. Біздің солтүстікте адам аз. 10-15 жылдан кейін мүлдем азайып қалады. Сондықтан, жер мәселесін талқылаған кезде осыны ұмытпайық. Кейбір әріптестеріміз біздің игермей отырған жерлеріміз көп деп жүр. Мынаны ұмытпайықшы. Шетелде 5 млн қазақ отыр. Бүгін бе, ертең бе сол қазақтар елге оралады. Осыны ұмытпайық. Игерілмей қалған жерлерді сол қандастарымыз үшін сақтап қояйық»,  -деді Мұхтар Тайжан.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 38 пікір жазылған

  1. Айжан 10 Шілде, 2016 19:36 Жауап

    Жақсы ұсыныс білдіріп отыр. Шалғайда жүрген ұандас бауырларымызды ойлап, оларға жер бөліп берсек, нұр үстіне нұр болатын еді.

  2. Рауан 10 Шілде, 2016 19:37 Жауап

    Қолдаймын.Мұхтар ағаның айтқаны өте орында. қазақтың санын көбейтеміз десек, қандас бауырларымызға жер беріп, елге тартуымыз керек.

  3. Самат 10 Шілде, 2016 19:41 Жауап

    Шет елде жүрген бауырларымызға жер берілсе, онда қандастардың елге оралуы процесі қарқынды жүретін еді.

  4. Ереке 10 Шілде, 2016 20:08 Жауап

    Мұхтар айналайын, егер үкімет жер мәселесін ешқандай у-шусыз шешкісі келсе, бұрынғы кеңес кезіндегі колхоз-совхоздарға қарасты жерлерді сатып алған, жалдап алғандарымен қоса шекаралық белгілерімен қайта қалпына келіріп, осы жерлер пәлен ауылға, ауданға және сол жердегі халыққа тиісті деп заңмен бекітсе, ешкім де қарсы болмайды. Ауылдық әкімдіктер өз жеріне өзі ие болып, қанша жер кімге тиесілі екенін бір сәтте анықтап бере алады. Оған ешқандай шығын, комиссия құрып халыққа тықпалап түсіндіріп ай -айлап, жыл-жылдап созудың еш қажеті жоқ. Ал көшіп келетін шеттегі ағайындарға жер қалдырайық деген де әңгімені созудың бір түрі. Оны да сағызша созып бірер жыл айтысасыздар. Ол халыққа керек пе?. Халық сіздерден нақты және әділ, тез шешімді күтіп отыр. Әр ауыл мен әр аудандағы артық жер бірден көрініп тұрса және басы артық жер Мемлекеттік қор есебінде тұрған болса келгенге сен мына ауылда жер бар деп оны сонда жіберуге болады. Мемлекеттік жер қорының рұхсатымен ол сол жерге баруға тиісті. Мемлекеттің сөзі бұл жағдайда халық сөзі оны орындауға әркім міндетті. Үй тұрғызатын жер, аулалық жер ешқандай сатусыз берілуі тиіс. Міне меніңше ең төте шешім осы. Ешкімге, шет елдік араласқан кәсіпорындарға да қанша пайызы болса да жер сатылмайды, жерді қазақстандықтарға 25-30 жылға жалға беру керек, бұл бір ұрпақтың толық жасы. Осы жылдарда толық еңбек етсе де Аллаға разылығын айтар, ұрпағы ары қарай жалғастырар.

  5. Жарқын 11 Шілде, 2016 10:07 Жауап

    Жалпы Мұхтар ағамыздың айтып отырғаны жақсы пікір дегенімен жер телімдері бөлінетін болса жалпы халыққа бірдей берілгні дұрыс деп ойлаймын!

  6. Айгул Сундетова 11 Шілде, 2016 10:11 Жауап

    Шетелдегі қандастарымыз қашан оралады деп күтіп жүреміз бе? Кезінде елбасының қандастарды елге оралту туралы бағдарламасында келмегендер ағылып келе қоюы екіталай. Ал бізге дәл қазір жерді игерудің жолын қарастыру керек деп ойлаймын.

  7. Майгуль Тлендиева 11 Шілде, 2016 10:14 Жауап

    Әрине, қандастарды ойлаған дұрыс. Бұл жерлер өзгелер сияқты олардың да ата-бабасынан қалған. Бірақ та өте алысқа көз жүгіртпей дәл қазір қажет шешімді қабылдаңыздар

  8. Ару 11 Шілде, 2016 10:25 Жауап

    Оралмандарға да жететін жеріміз бар. Сондықтан мұны уайымдап қайғырмасақ та болады. Ең бастысы бүгінгі халыққа жерді үлестіріп беру. Әділетті түрде!

  9. Әділет 11 Шілде, 2016 10:36 Жауап

    Шет елде жүрген қандастарымызға жер беру дұрыс деп ойлаймын, мүмкін ол Қазақстанға келуіне ықпал болар

  10. Мейрамбек 11 Шілде, 2016 14:08 Жауап

    Біраз ұсыныстар айтылды, ішінде көңілге қонымдысы көп. Осы ұсыныстарды талдап ортақ шешімге келейік.

  11. Асель 11 Шілде, 2016 15:00 Жауап

    Жер мәселесін талдауда тереңге кеткен сияқты ғой, шет елдегі 5 млн қандастарымыздың жәйі да айтылды

  12. хамит 11 Шілде, 2016 15:00 Жауап

    Мұхтар Тайжандай болып алыңыздар.Осы азаматтан үлгі алайық ағайын. Бұл кісідей батыр,батыл,ер жүрек азаматтардың барына Аллаға шексіз шүкір!

  13. Магжан 11 Шілде, 2016 15:01 Жауап

    Дұрыс айтады, қытайға бергенше, шетелдегі қазақтарды шақыртып соларға беру керек.

  14. Бейбарыс 11 Шілде, 2016 15:02 Жауап

    Жер халықтікі бірақ мемлекеттің қарауында сондықтан шет елдегі қандастарымызға деп бөліп жармай егер беоілетін болса осында тұрып жатқан азаматтарғада мүмкіндік берген жөн сол бос жатқан жерлерді игеруге!!!

  15. Зейнеп 11 Шілде, 2016 15:02 Жауап

    дурыс аитады…меили танымасак та бауырларымыз гой..шет елдеги казакка берилсин…кытайга мулдем берилмесин..

  16. Бекнур 11 Шілде, 2016 15:04 Жауап

    Шет елдердегі қаракөздерімізді ұмытпайық !!!!! Мұхтар ініме толық қосыламын.Жарайсың Азамат !!!!!!

  17. Елдос 11 Шілде, 2016 15:14 Жауап

    оралман деп статус қоя салмай қандастарымыз деп атаған дұрыс болғай екіншіден олар еш қашанда туған жерін елін тастамаған тарихты оқыңыздар қаншама бауырларымыз аштық саяси сүргін дәуірінде өз елінен қудаланған ,олар кетседе өз дінін тілін ата дәстүрлерін ,осы күнге дейін сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келген .Сол үшін қазақ бауырлар өз ұлтымызды бауырларымызды қолдайық ағайындар ақ жағалы ел билігіндегі ағалар

  18. Мамыржан 11 Шілде, 2016 15:15 Жауап

    Казактар болинбендер. Болингенди бори жейди. Дос жылатып айтады, душпан кулдирип айтадады. Казирги заманнын согысы, экономикалык согыс. Барлык байлыкты шетелдиктер алып койса, онда кул боламыз.

  19. Несипбала 11 Шілде, 2016 15:15 Жауап

    Қазақтар үй күйсіз жүрген қазақ үй соға аладыма? Нанын зорға тауып жүрген қазақтар үй қайдан соғат. Дұрыс Мұхтар ағаның айтканы өте орынды.

  20. Эльнара 11 Шілде, 2016 15:16 Жауап

    Биринши Оз ели Казакстанда турып жаткандарды жарытып алсыншы,каншама адам жерсиз куйсыз жур

  21. Самат 11 Шілде, 2016 15:17 Жауап

    Қазағымның жан айғайын қорғағандарды көріп қуанып отырмын. Қазағым бар екен. Мәңгүрттіңде заманы өтіп барады.

  22. Қайнар 11 Шілде, 2016 15:17 Жауап

    Шетелдеги казактарга не ушин жер беруимиз керек, кезинде бас саугалап ,жерди де,елди де керек кылмай кетип калгандарга жер берилмесин, осы Казахстанда туып оскендерге берсе де кудайга шукир.

  23. Қанат 11 Шілде, 2016 15:18 Жауап

    Оз кызагыннан кызганша кытайдан сактан казак енди енди жиналып жаткана бул кай сасканын.

  24. Эльвира 11 Шілде, 2016 16:33 Жауап

    Бүгінде бұлар бізден де озды. Бәлкім өзімізден де бар шығар, дегенмен ойланатын жайт. Бірін бірі сүйреп, біреуі «таққа» мінсе қырығы атқа мініп араларына адам жолатпайды. Егер бұларға билік тисе…

  25. Тоты 11 Шілде, 2016 16:34 Жауап

    Өте дұрыс талқы бұл! Көшіп келген бауырларымыз қазірдің өзінде оралман мәртебесін алып тұрып, Заңда көрсетілген жер пайдалану құқығына қол жеткізе алмай отыр. Өйткені, ауылда «ЖЕР ЖОҚ»! Оның үстіне, шеттегі бес миллион қазақ бір күнде қотарыла көшіп келе салмайды ғой. Жылына ондап, жүздеп, ары кеткенде мыңдап келуі мүмкін. Соған шетіне беріп отыратын ҚОРДА жер тұрмаса болмайды. Сол үшін, осы жолы бұл мәселені жақсылап ойласу керек!

  26. Айым 11 Шілде, 2016 16:34 Жауап

    Дұрыс. Оралмандарды қазақтан бөліп-жармауымыз керек. Барлығы да тең құқылы болған жөн. Бізге тиесілі 10 соток жер, оларға да берілу керек.

  27. Сансызбай 11 Шілде, 2016 16:35 Жауап

    Мен бұл ұсынысьты қолдаймын Қандас бауырларымызға елімізге көшіп келгенде жақсы жағдай жасауымыз керек. Сонда қазақтың саны көбейеді.

  28. Алима 11 Шілде, 2016 16:35 Жауап

    ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІНЕ ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАРША ҚАЗАҚ ИЕЛІК ЕТУГЕ ҚАҚЫЛЫ. Өте орынды айтылған сөз. 

  29. Қуаныш 11 Шілде, 2016 16:36 Жауап

    Үкіметке ұсыныс берген әрине жақсы, бірақ он сотык жер тек оралмандарға берілсін деген сөз жарымас қаншама Қазақстан азаматтарыда жерсіз жүр. Елбасымыздың көреген саясатының арқасында жер мәселесі оң шешімін табады деген сенімдеміз!

  30. Сағи 11 Шілде, 2016 16:36 Жауап

    Недеген жақсы ой, иә жат жұрттыққа бергенше өзіміздің қазаққа берген қандай жақсы. Өзің деген өзің емес пе.

  31. Елназ 11 Шілде, 2016 16:37 Жауап

     Қазақ елінде шет жерден көшіп келген қандастарымызға -қазақтарға оралман деген термин қолданбауы тиіс. Бұл кемсітудің көкесі. Қазақ шекрадан өткесін ол біздің елдің қазағы. Ал Ауыттың 10 пайыз жер соларға қалдырылсын дегенінің жаны бар, бірақ оны оралмандарға деп емес жалпы Мемлекеттік жер қоры болуы керек деген жөн. 

  32. Жазира 11 Шілде, 2016 16:37 Жауап

    Неге оралман деп бөле береміз Оларда Қазақғой не болсада бөлінуді жақсы көретін Қазақпызғой

Пікір немесе жауап жазу

үш × екі =