Мөлдір Әуелбекова неліктен клип түсіріп, ән жаздырмай жүргенін айтты
2014 ж. 15 қазан
6713
0
Әнші, "Кешью" тобының бұрынғы мүшесі Мөлдір Әуелбекова соңғы кезде неліктен жаңа ән жазып, бейнебаян түсірмеуінің себебін түсіндірді.
Бұл туралы ол "Күнтізбе" бағдарламасына қонақ болып келгенінде айтты деп жазады NUR.KZ.
"Маған бейнебаян түсірмей кеттің деп айтатындар көп. Алайда, мұның өз себебі бар. Мен соңғы кездері бар қаражатымды жинап, ата-анам мен әпкемді Тараздан түбегейлі Алматыға көшіріп алып келдім", - дейді әнші.
Бағдарлама барысында Мөлдір әкесіне су жаңа автокөлік алып бергенін және екі қабатты үйде бәрі бірге бақытты өмір сүріп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, әнші әлі сүйіктісін кездестірмегенін айтып, жігітінің жоқ екенін де жасырған жоқ.
Еске сала кетейік, "Кешью" тобынан бөлініп кеткен соң Мөлдір Әуелбекова "Өсиет" әнін жазып, бейнебаян түсірген болатын. Содан бері әншінің жеке шығармашылығында жаңалық жоқ.