Қайрат Нұртастың анасы жол апатының шығынын төлеуден бас тартқан

Қайрат Нұртастың анасы сот алдында жауап беруі мүмкін. Жұлдызды әншінің шешесі әрі продюсері – Гүлзира Айдарбекованың төңірігінде туындаған соңғы шу жаңа қарқын алды.

Қайрат Нұртастың анасы жол апатының шығынын төлеуден бас тартқан Тамыз айында Алматыда продюсер ханым жол апатына себепкер болған деп хабарлайды КТК арнасы. Сол жолы 3 көлік соқтығысқан-ды. Өміріне аса қауіп төнбесе де зардап шеккен бір адам бар арасында. Бірақ сол жігіт - 31 жастағы Евгений Маринков Қайраттың анасын қатты ренжулі екенін жеткізді. Айтуынша, мүлігінің құнын өтемек түгілі, денсаулығын түзетуге әйгілі отбасы ақша бермей жүр. Бұл - 28-ші тамызда Алматының орталық көшесінің бірінде болған жол апаты. Бейнежазбаға қарағанда, ережені көлденең шыққан  ақ "Лексус" бұзған. Сөйтіп, қатарынан екі көлікті соғып өтіпті. Кейін белгілі болғандай қымбат көлік Қазақстанның №1-ші хит әншісі Қайрат Нұртастың анасы - Гүлзира Айдарбековаға тиесілі екен. Рөлде де өзі отырыпты. Асығамын деп негізгі бағыттағы қос көлікке жол бермеген. Хаттама зардап шеккен ешкім болмағандықтан, шығын сақтандыру компаниясына жолданады деп толтырылыпты. Бірақ, енді, арада бір ай өткенде 31 жастағы Евгений Маринков есімді мына жігіт зардап шектім дейді. Айтуынша, "Лексус" оның шағын қызыл көлігін аударып жіберген. Сол сәтте білінбегенімен, үш күннен соң мойын сүйегі сыр бере бастапты. "Қазір күрделі ем қабылдап жатырмын. Миым шайқалып, бас сүйегіме зақым келген. Оң қолым жараланған. Сосын мойыным жараланған. Бүгінге дейін еміме 400 мың теңгенің шығыны кетті. Қасымда әйелім болған. Құдай сақтап, оған ештеңе болмады", - дейді  Алматы қаласының тұрғыны Евгений Маринков. Ауыр жараландым деген жігіт қазір медицина орталығына келіп ем алып жүр екен. Онысын растайтын қолында қағаздары да бар. Егер, Гүлзира Айдарбекова дәрі мен мүлік шығынын өтесе, оны кешірмекке әзір. Тек оған жұлдызды продюсерден "хабар жоқ" дейді. Евгений ең алдымен көліктің қалыпқа келтірілгенін, сосын ем-домымның шығыны өтелгенін қалайды. Оған Қайрат Нұртастың анасы хабарласқан жоқ. Тіпті денсаулығын қалай демеді де. Қазір авдокат жалдап жатырмын. Бірақ жігіттің сөзін продюсердің өзі жоққа шағарып отыр. Гүлзира Айдарбекова жәбірленушіге қомақты сомада ақша да ұсынған екен. "Хабарласпады деген өтірік. Негізі мен соғысқан кезде бұл кісі көлігімнің түгел ақшасын төле деген болатын. 4 мың 800 долларға сатамын, 4 жарымға беремін деп. Сосын айттым, оны не істеймін, өзі тағы Қытайдың көлігі. "Уф" десең ұшып кетейін деп тұр. Одан кейін жолдасымнан миға сыймайтын ақша сұрады. Машинаның ақшасы жолда қалды",- дейді Гүлзира Айдарбекова. Сондықтан продюсер келіншек зардап шеккен азаматпен тек сотта жолықпаққа ниетте. Тіпті бетпе-бет жүздескен екеуі ортақ шешімге келе алмады. Айта кетсек, Гүлзира Айдарбекова бұған дейін де бір мәрте сотқа шақырту алған. Бірақ ол кезде іс әнші ұлы Қайрат Нұртастың "Прайм-плазадағы" шуына қатысты болған еді.
Источник: NUR.KZ