"Жігіттер" тобының мүшесі, әнші Бағлан Әбдірайымов үйіне ұры түскенін хабарлады. Бұл туралы әнші өзінің instagram желісіндегі парақшасында жазды.
|
Бағлан Әбдірайымовтың үйіне ұры түсті |
"Мен сiздер мен қайда жүрсем де амандығымды бiлдiрiп, сурет салып отырамын. Осыны пайдаланған қазақтар үйге, тонауға келiптi. Менi бiр бай деп ойлап калған ғой... Әлi Алматыға келмеймiн, асықпай қалған заттарды әкетiңдер, ұры мырзалар", депті әнші.
Әншінің пайымынша, ұрылар өзінің табынушылары болуы мүмкін.
"Менiң жанкүйерлерiм екен. Бүкiл мен киген киiмдердi, қара шамаданға салып қойыпты. Бiрақ, әкете алмаған!", - дейді ол.