Әлішер Кәрімов "Жаңа толқындағы" сәтсіздігін екі тілдегі әнмен байланыстырды

"Новая волна-2014"халықаралық байқауына қатысқан Әлішер Кәрімов аталмыш шараның ұйымдастырушыларына өкпелі.

Әлішер Кәрімов
Алишер Каримов

Байқаудың соңғы күніне дейін алдыңғы орындардан көрінген Әлішердің соңғы күні орындаған "Әрине" атты жаңа әні сәтсіздікке ұшыраған болатын. Себебі, әділқазылар оны төмен бағалады.

Ал әншінің өзі бұл әннің сәтсіздігін екі тілде орындалуымен байланыстырып отыр. Осы сайысқа қатысуды көптен бері армандаған ол "бұл нағыз өнер додасы емес екен" деген тұжырымға келіпті.

"Біз өз тілімізде орындауға өтініш білдіргенімізде, олар бізге "Бұл байқауды тек қазақтар көрмейді, барлық елдер қарайды. Сондықтан екі тілде орындаңдар" деген талап қойды. Менің түсінбегенім, басқа елдердің барлығы өз туған тілдерінде бір ән айтуға мүмкіндік алды", - деп базынасын айтты әнші.

Әлішер Кәрімов "Новая волнада" тек оныншы орынды иеленген болатын. Ал бірінші орынды грузиялық әнші алса, қалған екі жүлделі орыннан украиналық әншілер көріне білді. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/324353.html

7 арна