Слава Қарағандыда ұшаққа жіберілмеуіне себепкер болғандарды сотқа бермек!..
2014 ж. 31 шілде
1633
0
Ресейлік әнші СҚарағанды облысындағы Теміртау қаласында концертін қойғаннан кейін Мәскеуге ұшып кете алмағаны үшін ресейлік әнші Слава қарағандылық бизнесменді сотқа беретінін мәлім етті.
"Новый вестник" хабарлағандай, қарағандылық кәсіпкер Олег Сундуковский рейс бортсеріктеріне әншіге қатысты шағым жасаған. Ол әнші мен оның концерттік директорының әуежай ішінде ішімдік ішіп, қатты дауыстап сөйлесіп отырғандарын байқағанын айтқан.
Осыдан кейін әнші басқа жолаушылардың мазасын алмауы үшін оны ұшаққа жібермеу туралы шешім қабылданған.
"Мен осы рейс экипажына жолаушылардың қолайлы әрі қауіпсіз ұшуына жағдай жасағаны үшін зор алғысымды білдіремін. Ал Слава үшін бұл үлкен сабақ болсын, ол мұндай әрекеттерге Мәскеуде жол бермес еді. Ендеше, қанша жерден "жұлдыз" болса да, неге ол Қарағандыда ойына келген жөнсіз әрекеттерді жасауы тиіс?" - дейді белгілі кәсіпкер.
Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні Қарағандының "Сарыарқа" әуежайының қызметкерлері ресейлік танымал әншіні есірткінің әсерімен жүр деп мәлімдеп, бортқа кіргізбеген еді.
Медициналық куәландырудың қорытындысында одан есірткіні пайдаланудың еш белгілері анықталмағаны, бірақ ішімдік ішкені көрсетілген болатын.