Әнші Мөлдір Әуелбекова "КешYou" тобына оралды

Қазақстандық продюсер және тележүргізуші Баян Есентаева "КешYou" тобына Мөлдір Әуелбекованы қайта алды. Бұл туралы ол  Instagram желісіндегі өзінің парақшасында жазды деп хабарлайды Қазақпарат.

Әнші Мөлдір Әуелбекова

"Соңғы кездері "КешYou" тобындағы өзгерістер туралы көп айтылып жүр. Жел тұрмаса шөп басы қимылдамайды, деген. Бірнеше себептермен мен өте маңызды шешім қабылдадым. Мөлдір Әуелбекова "КешYou" тобына қайтарылды. Бұл жалпы шешім. Жанар Доғалова осы сәттен бастап жеке әншілік шығармашылығымен айналысады (мен оның продюсері болып қаламын). Мөлдір де жеке әншілігін жалғастырады, сонымен қабат топта жұмыс істейді",- деп жазды Баян Есентаева. "КешYou" қазақстандық ең танымал қыздар тобы. Дауыс беру қорытындысымен "Астана жұлдызы-2014" ұлттық музыка сыйлығы оны үздік қыздар эстрада ұжымы деп атады. Осы сыйлық нұсқасы бойынша Жанар Доғалова жылдың үздік әншісі болып танылды. Мөлдір Әуелбекова топта алты жыл бойы 2012 жылға дейін - ұжым жаңарғанға дейін болды. Оған 2010 жылы отандық экранға шыққан "Ғашық жүрек" немесе "Жұлдызға арналған коктейль" фильм-мелодрамасындағы рөл үлкен танымалдық әкелді. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/322412.html

 

ҚазАқпарат