Танымал әншілер қыз-келіншектердің омырауын қорғауға кірісті
2014 ж. 12 шілде
3126
0
Еліміздің кілең танымал жігіттері қыз-келіншектердің омырауын қорғауға кірісті. Әйгілі әншілер мен киноактерлер кеуде рагіне жаппай қарсы шығып, нәзік жандарға төстерін бір мезгіл тексертуді ескертті.
Скриншот: КТК арнасы
Омырауды уайымдаған жігіттердің арасында Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Абылаев пен әнші Айқын Төлепберген, атақты дизайнер Сәкен Жақсыбаев та бар деп хабарлайды КТК арнасы.
Тіпті, танымал тележүргізуішлер де әйелдердің төстерін ойлап, "маммологқа барыңдар!" деп баннерлерден қатаң ескерткен.
Қатерлі ісік дерті, көбіне жасы отыздан асқан келіншектердің көкірегіне шығады екен. Түйін кейін өсе келе әйелдердің өміріне қауіп төндіреді. Одан құтылу үшін қыздардың сүт безін кесіп тастауға тура келеді.
"Қымбатты аналар, қарындастар, қыздар, апа-әжелер, дәрігерлерге барып көрініп тұрыңыздар! Сіздер бізге керексіздер! Дендеріңіз сау болсын! Өз омырауларыңызды сақтаңыздар!"- деп шақырады Диас Абылаев.