Жанар Дұғалова "Үздік орындаушы" атанды
2014 ж. 04 шілде
2843
3
3 шілде күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында "Астана Жұлдызы" ұлттық музыка бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп жазады BNews.lite.
Жобаның басты мақсаты – дарындыларды анықтап, ұлттық музыка өнерінің дамуына үлес қосып жүрген жандардың еңбегін бағалау. Биыл "Астана жұлдызы" байқауы екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Бұл шоу-бизнес саласындағы елеулі оқиға, дарынды, талантты, шығармашыл адамдардың еңбегіне баға беретін күн. Осы кешке жиналған эстрада жұлдыздарының барлығы дерлік жүлдеге лайық.
Алайда, бәйге болғаннан кейін мұнда жеңіспен қатар жеңілістің де жүретіні анық.
Биылғы байқауда әнші Жанар Дұғалова "Үздік орындаушы" аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ерекше дауыс иесі "Асықпа", "Қазақтың қыздары" сынды тамаша әндердің авторы.
Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы бүгінде ән әлемінде өз орнын тапқан үздік орындаушы. Айта кетейік, Жанар Дұғалованың шығармашылық жолы 14 жасында "Жас қанат" байқауынан басталған