Қайрат Нұртас - шоу-бизнестің ең ауқатты өкілі...

нуртас Қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдыздардың рейтингі қазір той-бизнестегі табыстарымен есептеледі, деп жазады Forbes.kz. Euro Event Agency мәліметтеріне сәйкес, отандық шоу-бизнес нарығы 10 млн долларға бағаланып отыр, оның 80% той-бизнестен түскен табыс. Қалған 20% "корпоративті" кештер мен концерттерге тиесілі. Сонымен ТОП-10-ды талай қазақтың көзайымына айналған әнші Қайрат Нұртас бастап тұр. Екінші орында бүкіл әлемді аузына қаратқан боксшы Геннадий Головкин, үшінші орында продюсер, тележүргізуші, актриса Баян Есентаева тұр. Ал одан кейінгі орындарға жайғасқан шоу-бизнес өкілдерін төмендегі кестеден көріңіздер. 1. Қайрат Нұртас - әнші 2. Геннадий Головкин - боксшы 3. Баян Есентаева - продюсер, ТВ жүргізуші, актриса 4. LIDO - әнші, модель, дизайнер 5. Алексей Пучков - продюсер 6. Дильназ Ахмадиева - әнші, ТВ жүргізуші 7. "FM" тобы - поп музыка тобы 8. Алуа Қонарова - продюсер 9. Айқын - әнші 10. Группа "Жігіттер" - поп музыка тобы "КазИнформ" АА