
"Жаужүрек мың бала" киносы арқылы қазақ көрермендерінің көзайымына айналған, қазақ киносындағы ең жас актриса Әлия Телебарисова 7 маусым күні ұзатылды. Әлияның ұзату тойынан өнердегі әріптестері, достары, әншілер көрінді. Әлияның таңдауы Азамат есімді өнерге қатысы жоқ жігітке түскен. Екі жастың неке қию тойы 14 маусым күні өтеді.