Сықақшы Жұлдызай Дүйсенбиева тұрмысқа шықты
2014 ж. 06 маусым
15065
6
Әуелі "Шаншар" театры, Кейін "Алдараспан". Ал, одан соң "Мафия мен тақия". Бір сөзбен айтсақ, әзіл әлемінің әртісі Жұлдызай Дүйсенбиева тағы бір "театрдың" мүшесі атанды.
Бұл жолы көрерменге күлкі сыйлап жүрген ханым келіннің рөлін сомдайтын болады, деп хабарлайды lite.bnews.kz "Жұлдыздар құпиясы" басылымына сілтеме жасап.
Енді қандай дау болса да, Жұлдызай есікті тарс жауып, теріс айналып кете алмайды. Өйткені, бұл әртістің қатты өмір атты "театрдағы" шынайы образы болмақ.
14 мамыр күні шырайлы Шымқалада актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның ұзату тойы өтті. Ару таңдаған серінің есімі - Өмірсерік. Өнерге еш қатысы жоқ Оңтүстіктің азаматы. 1981 жылы дүниеге келген. Жас-жұбайларға бақытты ғұмыр кешіңіздер демекпіз!