Сот жүйесінің «Сот кабинеті» сервисі
2017 ж. 21 маусым
5378
0
Мемлекетіміз тәуелсіздік тұғырына жеткелі бері жаңа белестерді асып, жаңару, көркею, даму жолында көптеген шараларды қолға алуда. Бұндай оң өзгерістерден сот жүйесі де алыс емес. Қазіргі таңда сот жүйесін жетілдіру мақсатында көптеген жаңашылдықтар орын алуда. Оның бірі сот жүйесіне - «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің енгізілуі.
Аталмыш сервис Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2014 жылғы 11 тамыздағы өкімімен бекітілген. Ол жеке және заңды тұлғалармен олардың өкілдеріне сотқа ұсынатын құжаттарын электронды түрде жолдауға мүмкіндік береді.
«Сот кабинеті» арқылы электрондық құжаттарды сотқа жолдау үшін азаматтар мен заңды тұлғалар, біріншіден жоғары аталған «Сот кабинеті» ақпараттық сервисіне тіркелуі тиіс.
Сот кабинетіне кіру үшін, ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет.
Нәтижесінде, тіркелген тұлға оның пайдаланушысы болып табылады. Қолданушылар сервис көмегімен электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеумен қатар сотқа электронды түрде жолдаған құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды қадағалай алады.
Сотқа ұсынылатын арыз, өтініш, шағым т.с.с. рәсімделуі азаматтық, қылмыстық процестік кодекстерінде көзделген талаптарға сәйкес болуы қажет. Айта кететін мәселе, сотқа құжаттарды жолдау кезінде уақыт жағынан қандай да бір шектеу қойылмаған, яғни тұлғалар құжаттарын сотқа кез келген уақытта жолдай алады. Сәйкесінше сотқа тиісті түрде ұсынылған құжат сот кеңсесінің мамандарымен қабылданып, тіркеледі. Тиісінше пайдаланушы ұсынған құжатының статусын байқау мүмкіндігіне ие.
ҚР Жоғарғы Соты 2017 жылдың 4 сәуірінен бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізу басталды.
Сауалнама жүргізудің басты мақсаттары - сот процесіне қатысушылардың сот талқылауларын ұйымдастыру және өткізу сапасына қанағаттанушылық деңгейін зерделеу. Сауалнамада сот төрелігіне қолжетімділік, сот әдебін сақтау бойынша сұрақтармен қатар, сот процесіне қатысқан адвокат пен прокурордың қызметіне қатысты да сұрақтар қарастырылған.
Сонымен қатар, жүргізілген сауалнама арқылы жүзеге асырылып жатқан реформаларға, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың көзқарасын анықтау.
Сыртқы бағалаудың нәтижелері негізінде алынатын мәліметтер республика судьяларының VII съезінде қоғамның соттарға деген сенім деңгейін арттыру, судьялар қызметін бағалау жүйесін жетілдіру бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру бағытында қолданылатын болады.
Сауалнама арқылы соттар жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу, сот сатыларының санын қысқарту, кәсібилік, судьялардың әдебі мен мінез-құлық мәдениеті, сот процестерін аудио, бейнетіркеу жүйесінің жұмысы, соттар жұмысының ашықтық деңгейі мен сапасы туралы респонденттердің пікірін білу.
Сауалнамаға қатысушылар сот кеңселерінің жұмысына, сот процесіне, судьялардың іріктелуі мен әдебіне, ақпараттық технологияларға, сот ғимараттарының жайлылығына, заңнаманы өзгертуге қатысты ұсыныстар беруге болады.
Бұған қоса, сот жұмысын жақсарту жөніндегі тың ұсыныстар да күтіледі.
Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сот процесіне қатысушылар, талап қоюшылар (өтініш берушілер); жауапкерлер, жауаптылыққа тартылатын тұлғалар, адвокаттар; прокурорлар; мемлекеттік органдардың өкілдері; сондай-ақ аталған сервиске тіркелген өзге де адамдар респондент ретінде қатыса алады. Сауалнамаға қатысу үшін олар «Сот кабинеті» сервисінде (http://office.sud.kz/index.xhtml) тіркеле алады. Бұл жоба 2014 жылы іске қосылған.
Сандуғаш МҰСА
Түрксіб аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Алматы қаласы
qazaquni.kz