Жаңылтпашты жақсы көретін Жарас Ізғұлов

СОТ ЖАҢЫЛТПАШТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ЖАРАС ІЗҒҰЛОВ ЖӘНЕ ОНЫҢ "ҚҰЙРЫҒЫН" ҰСТАТПАЙТЫН ҚОС БҰЙРЫҒЫ Бұдан аттай алты жыл бұрын Қазақстан теміржолының (ҚТЖ) Ақтөбе бөлімшесіндегі миллиардтаған теңге былықтың бетін ашқаны үшін осы салада көп жыл басшылық қызметте істеген ардагер теміржолшы А.Аймағанбетов бірнеше рет заңсыз жұмыстан шығарылады. Істің мәнін қысқаша ғана айта кетейік. Қызметінен заңсыз түрде қуылған А.Аймағанбетовті өз орнына қайта отырғызу туралы сот шешімін орындау үшін ҚТЖ Ақтөбе теміржолы бөлімшесінің директоры Ж.Ізғұлов 2011 ж. 11-наурызы күні №214 бұйрық шығарады. Бірақ, жұмысқа сот орындаушылардың араласуымен ғана 20-сәуір күні шыққан А.Аймағанбетов «мен бұйрықпен бүгін танысып отырмын» деп қол қояды және нақ сол күннен бастап өз қызметіне қайта кіріседі. Ал, Ж.Ізғұлов мырза болса дәл сол күні мағына-мәтіні дәл сондай тағы бір №106 бұйрық шығарады. Сөйтеді де, А.Аймағанбетов қолымен ұстамаған, көзімен көрмеген осы бұйрыққа сілтеме жасай отырып: «26.03.2011-19.04.2011 жж. аралығында жұмысқа шықпауы себепті» деп айдар тағып, 2011 жылғы 29-шілдедегі №423 бұйрықпен Алдекеңді тағы да жұмысынан босатып жібереді. 2011 жылдың 11-наурызы күнгі №214 бұйрық өз күшінде, ешкім оның «күші жойылсын» деп шешім шығармаса да! Және бүгінге дейін де солай (Бір «қызығы», Ж.Ізғұловтың бұл қитұрқы іс-әрекеті сот тарапынан әлі өз бағасын алған емес...). Осыған байланысты А.Аймағанбетов АІЖК-нің 49-бабына сәйкес 2015 жылдың 15-ақпаны күні Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Абдуллинаның атына Ж.Ізғұловты «қуғындаушы» деп тану туралы өтініш түсіріпті. Шынында да, жұрттың бәрінің басын ауыртып жаңылтпаш жасап, негізсіз бұйрықты негізге алып жұмыстан шеттету – нағыз қуғындаушылықтың өзі емес пе? Және бұл қуғындау сонау 2009 жылдың 24-сәуірінде А.Аймағанбетовпен екі арадағы еңбек шартын бұзудан басталған-ды. 2009 жылы 24-қарашада сот оны заңсыз деп таныды. Алайда, Ж.Ізғұлов А.Аймағанбетовті 2010 жылы 25-қаңтарда ғана жұмысқа қайта қабылдады, бұл жөнінде 12.05.2010 жылғы 12-мамырдағы №2-3796/10 сот шешімінде «жауапкердің әкімшілігі жұмысына қайта орналастыру туралы сот шешімін орындамады» деп көрсетіледі. 2010 жылы 16-маусымда жаңылт­пашты жақсы көретін Ж.Ізғұлов «Қазақстан Теміржолы ҰК» АҚ басқармасы сіздің жұмысыңызды қысқартты» деп, ардагер теміржолшымен еңбек шартын тағы бұзады. Алайда, Ақтөбе облыстық кассациялық сот алқасы өзінің №2к-67/2011 қаулысымен «бүгінгі жағдайда талапкердің «АСУ бөлімі бастығын қысқарту «ҚТЖ ҰК» АҚ басшылығының нұсқауы емес, Ақтөбе теміржолы бөлімшесінің директорының ұсынысы болып табылады» деген сөзінің негізі бар деп мойындауға тиіспіз» деп көрсете келе, Алдекеңді бұрынғы орнына қайта отырғызды. Бірақ, бұнымен де іс бітпейді! «Жауапкер дереу орындалатын сот шешімін орындау мақсатындағы» деген желеумен 03.03.2011 жылдан бастап мені бұрынғы қызметіне қайта алдым деп, Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының 33-бабының 1-тармағының талабын өрескел бұзып, 2011 ж. 11-наурызда, бір күнде 2 (екі) - №106 және №214 бұйрыққа қол қояды. Осыған байланысты, сотқа біресе 106 бұйрықты, біресе 214 бұйрықты көрсетіп, әлі күнге дейін сотты алдап, сот шешімдерін бұрмалаушылыққа ұшыратып, мені қуғындап жүр деп санаймын. Осыған орай, Ж.Ізғұлов тарапынан қуғындау жөнінде соттың жеке ұйғарымын шығаруын сұраймын» деп жазады Алдаберген ағай өзінің сотқа түсірген өтінішінде. Ол кісі, сонымен қатар, дереу орындалатын сот шешімінің Атқарушылық іс туралы заң талаптарына сай уақтылы және тиісті түрде орындалмай созылуына «...бірден-бір кінәлі Ақтөбе облыстық Сот актілерін орындау департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары деп санаймын» деп біледі. Себебі, сот орындаушысы А.Асқар 2011 жылы 18-наурызда қозғалған атқарушылық істі бес күнде ерікті түрде орындау жайлы ұсынысты жауапкерге араға 26 күн өткізіп барып, 12-сәуірде түсіреді; 20-сәуірде «атқарушылық іс толық аяқталды» деген қаулы қабылдайды және оны А.Аймағанбетовтен жасырады. Аға сот орындаушысы А.Жұмабаев болса 2013 жылы 8-ақпанда дереу орындалатын сот шешіміне сәйкес атқарушылық істі қозғағанымен, 5 күн ішінде ерікті түрде орындалуы тиіс ұсынысты жауапкерге 25-ақпан күні ғана түсіреді.Ал, ҚР «Атқарушылық іс туралы» заңының 127 бабына сай сот орындаушысы өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қысым жасалуына жол бермеуге міндетті және осы заңның 37 бабы 4 тармағында «сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады...» деп нақты көрсетілген. Бұл екі сот орындаушысының заң талаптарын бұзғандарын А.Аймағанбетов бір-екі жылдан кейін бір-ақ білген. Соның салдарынан кезінде сот отырыстарында кейбір сұрақтарға ол дәл жауап бере алмаған. «2011 жылғы сот шешімінен кейін жауапкер «Қазақстан Теміржолы ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Еңбек заңдарын өрескел бұзып, мені жұмыстан негізсіз шеттету салдарынан жан күйзелісін бастан кешірдім, инфаркт алып, үш рет жүрегіме операция жасалды. Мұндай жағдайда ҚР Азаматтық Кодексінің 951-бабы және ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21-маусымдағы №3 «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы» нормативтік қаулысы негізінде моральдық зиян өндірілуге жатады деп санаймын». ҚР Еңбек кодексінің 14 бабына сай еңбек заңнамасының бұзылуына, ҚР «Атқарушылық заңының» 132 бабына сай атқарушылық заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді. ҚР АІЖК-нің 253 бабына сәйкес сот отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны тиісті ұйымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдарға жіберуге құқылы. «Осы көрсетілгендердің негізінде, ҚР АІЖК-нің 49, 237, 253 бабы, Еңбек кодексінің 14, 33, 50 бабын, ҚР Атқарушылық іс туралы заңының 37, 105, 127, 132 бабын, ҚР АК-нің 178, 951 бабын басшылыққа ала отырып», өтініш жасаушы А.Аймағанбетов соттан «Қазақстан Теміржолы ҰК» АҚ-ын жауапкер деп және өзін жұмыстан негізсіз шеттетті деп тануды; сондай-ақ Ақтөбе облыстық Сот актілерін орындау департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары А.Асқар мен А.Жұмабаевты жұмыстан негізсіз шеттетілуіне себепші үшінші тұлға деп тануды және олардың өздеріне жүктелген міндетті тиіс дәрежеде орындамауына байланысты жауапкершілікке тарту жөнінде соттың жеке ұйғарымын шығаруын; «Қазақстан Теміржолы ҰК» АҚ-нан жұмыстан негізсіз шеттетілген күндеріне 6 миллион 738894 теңге өндіруді; одан бөлек моральдық залал өтемақысы ретінде 3 000 000 теңге өндіруді, оның 1 000 000 теңгесін «Алға» балалар үйіне және 1 000 000 теңгесін Жайсан балалар үйіне аударуды; «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ филиалы Ақтөбе теміржолы бөлімшесі директоры Ж. Ізғұловты жауапкершілікке тарту туралы соттың жеке ұйғарым шығаруын өтінеді. «Нұр Отан» партиясының 16-съезінде сөйлеген сөзінде Елбасымыз Н.Назарбаев: «Бүгінгі сот жүйесінің нашар тұстары – судьяларды сұрыптау мен оларға қойылар біліктілік талаптарының тиімсіздігі сот корпусындағы сыбайлас жемқорлыққа жиі апарып соғуда» деді. Ардагер А.Аймағанбетовтің алты жылға аяқ артқан сергелдеңі дәл осы келеңсіз құбылыстың айқын көрінісінің бірі емес пе? «Сот тұмшаланып алған жабық корпорацияға айналмауы және қоғамдық сыннан сырт қалмауы тиіс. Ашықтық – судьялар сапын сыбайлас жемқорлықтан жазатын дәрі» деді және сол сөзінде Президентіміз. Ақтөбелік судьялар да осы ащы сыннан қорытынды шығарады, қолында билігі барлардың жетегінде кете беруін тоқтатады, абыройлы атын қорғап, тыным таппай жүрген қадірлі ағаның ісіне әділ шешімін шығарады, сөйтіп, ел алдына ашық жүзбен шыға алатын болады деген үміттеміз. Біз бұл істі аяғына жеткенше өз қадағалауымызда ұстайтын боламыз. Өмірзақ АҚЖІГІТ   Бет қатталып жатқанда: А.Аймаған­бетовтен өте бір «қызықты» хат келіп түсті. Біздің бүгінгі сот жүйесінің шынайы бейнесін ашып көрсетуге септігі тиер деген оймен біз оны қаз-қалпында беруді жөн көрдік. Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.А.Абдуллинаға талапкер А.Қ.Аймағамбетовтен ҚР АІЖК-нің 258 бабы бойынша ескертпелер 19-ақпан 2015 жылы ҚР АІЖК-нің 49 бабы мәні бойынша, жауапкер «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компания» АҚ мені жұмыстан негізсіз шеттетті, бос шеттетілген күндеріме айлық жалақы өндіру туралы талап-арызым бойынша азаматтық істің хаттамасымен және аудио-видео таспасымен 13-наурыз 2015 жылы таныстым. ҚР АІЖК-нің 258 бабы бойынша сот отырысының хаттамасына келесі ескертпелерді енгізуді сұраймын: 19.02.2015 жылы сот отырысының хаттамасына (іс.құж. 126-127 беті): 1.1. 2015 жылғы талап-арыздың мәтіні ғана жазылған, басқа ештеңе көрсетілмеген. – Менің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11-шілдедегі №5 нормативтік қаулысы 14 тармағы – АІЖК-нің 49 бабының мәні бойынша талап-арызды мойындау жауапкердің құқығы болып табылады. Егер жауапкердің талап-арызды мойындауы қандай да бір адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын болса, онда сот шешімінің дәлелдеу бөлігінде талап-арыздың мойындалғанын және оның сотпен қабылданғанын көрсетеді деп оқып бергенім және сот отырысы Төрағасының талапкердің 19.02.2015 жылы талап-арызы қаралады деген тұжырымдамасы жазылмай қалған. – Сот отырысы Төрағасының: «Мені жұмыстан негізсіз шеттетті дегеніңізді түсіндіріңіз» деген сұрағы жазылмай қалған және оған менің берген түсініктемем мені жұмысқа қайта алу жөніндегі №214 – 11.03.2011 жылы бұйрық бұзылған жоқ, яғни жауапкерменен арамыздағы еңбек қатынастары 2014 жылы тамыз айындағы сот алқасы қаулысына сәйкес жалғасып келеді, бұл ҚР Еңбек кодексінің 50 бабы 5 тармағы талабына сәйкес, мені жұмыстан жауапкер негізсіз шеттеткен болып табылады деген дәлелдемелерім жазылмай қалған. – 19.02.2015 жылы сот отырысы туралы аудио-видео жазбасының үзілістен кейінгі бөлімінде сот отырысы Төрағасының жауапкерге – №423 бұйрық арқылы, №106 немесе №214 бұйрық арқылы жалғасқан еңбекшартын бұздыңыз деген сұрағы» жазылмай қалған және оған жауапкердің: «Біз №106 бұйрық арқылы жалғасқан еңбек шартын бұзған жоқпыз» деген дәлелдемелері жазылмай қалған. – Менің, «Трудовые отношения в Республики Казахстан (ресми тілде)» кітабымен Еңбек кодексінің 33 бабына берген «обязанность работодателя ознакомить работника с приказом о приеме на работу под роспись имеет цель обеспечить проверку работником правильности оформления уже заключенного с ним договора и своевременного начисления заработной платы бухгалтерией организации» деген түсініктемесін оқып, мені 20.04.2011 жылы жұмысқа шыққанда жауапкер №214 –11.03.2011 жылы бұйрықпен таныстырып, қол қойғызды, сол күннен бастап айлық жалақы төледі дегендерім жазылмай қалған. – Менің: «Сот отырысы Төрағасына, істің мән-жайымен 13.02.2011 жылы менімен кездескеннен кейін сұрақтар қою арқылы таныстыңыз» деген сөздерім жазылмай қалған. – Менің, құқығымның бұзылғанын 23.12.2014 жылы кассациялық сот алқасы қаулысын алғаннан кейін іс-құжаттарыменен, сот актілеріменен қайта таныса келе түсіндім, бұл жөнінде 16 қаңтар 2015 жылы сот Ұйғарымы бар деген дәлелдерім жазылмай қалған. 25.02.2015 жылы сот отырысы­ның хаттамасына (іс.құж.131-132 беті): 2.1. 2015 жылғы талап-арыздың мәтіні ғана жазылған, басқа ештеңе көрсетілмеген. – Менің: «19.02.2015 жылы сот отырысының аудио-видео жазбасынан, Сіздің жауапкерге №423, №106 немесе №214 бұйрық арқылы жалғасқан еңбек шартын бұздыңыз» деген жерін қайта көріп, тыңдайық деген ұсынысым жазылмай қалған. – Менің, 19.02.2015 жылы сот отырысы өткеніне бүгін 6-шы күн, сот отырысы хаттамасыменен таныстыруыңызды сұраймын деген ұсынысым жазылмай қалған. Сот хаттамаларында, жауапкер мені жұмыстан негізсіз шеттетті деген даулы мәселе жөнінде ешқандай да деректер жазылмаған. Хаттамаға ескертпелерді қарау күні мен уақытын алдын-ала хабарлауды сұраймын. 31.03.2015 - 12.04.2015 жылы аралығында емделуге баруыма байланысты қалада болмайтынымды ескеруді өтінемін. Талапкер А.Қ.Аймағамбетов 17.03.2015 жыл