Азат ПЕРУАШЕВ: «Ақ жол» партиясы «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасын қолдамады

2
1614

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында
«Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасын талқылау бойынша Азат Перуашевтің сөйлеген сөзі

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы, құрметті әріптестер.
«Ақ жол» ҚДП фракциясы бұл заң жобасын бірінші оқылым барысында қолдаудан бас тартқан және ол бойынша бір қатар принципті сыни ескертулер айтқан болатын. Өкінішке орай, бүгін біздің ұстанымымызды не үкімет, не жұмыс тобы естімегенін атап өтуге мәжбүрмін.
Енгізілетін түзетулер заңды нашарлатады деп те айтуға болмайды, бірақ олар оны борышкердің мүлкін қалпына келтіру бойынша мүмкіндіктерді емес, бөлу мәселесін тәптіштеп қарайды.
Сонымен қатар, тіпті заң жо­­басының атауынан ол кәсіпорын­дарды жоюға емес, керісінше оларды оңалтуға бағытталуы тиісті екені түсінікті. Әлемдегі мыңдаған компаниялар, ірі өндірістік концерндер және банктерді қоса алғанда банкроттық рәсімдерден өтті. Бірақ, одан кейін олар қалпына келтірілді және жұмыс істеуін жалғастыруда. Ал бізде ше, қабылданған түзетулердің контексінде, банкрот болғандарға бір ғана жол – жойылу тұр. Яғни, бұл экономика тауар және қызмет өндірушілерді, бюджет – салық төлеушілерді, банктер – салымшыларды, ал адамдар – жұмысын жоғалтады дегенді білдіреді. Кәсіпорынның басшысын жазалау – ешкімге де жеңіл болмайды.
Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, біз банкроттық саладағы уәкілетті органның бұл қызметін Қаржы министрлігіне немесе салық комитетіне емес, кәсіпкерлікті дамыту үшін жауапты органға немесе басқа тәуелсіз құрылымға беруді ұсындық. Салық органы, борышкердің мүлкі үшін дауда тараптың бірі бола тұрып, және де бірінші кезекте де емес (басында әлеуметтік міндеттер, жалақы бойынша берешектер тұрады), енді үрдіске айла-амалдар жасауға мүмкіндік алады, бұл мүдделер қайшылықтарын туындатады.
«Ақ жолдың» депутаттары осы заңда көрсетілген қарыз мөлшеріне қарап, кәсіпорынды банкрот деп тануға ұсынылатынына да – 200 мың теңге екендігіне назар аударды. Бұл бір орта буынды менеджердің айлық жалақысы емес пе? Осындай қарызбен ондаған және жүздеген адамды ешбір жұмыссыз қалдыруға Үкімет дайын ба? Бұл оғаштылық қой.
Бірінші оқылым барысында салықшылардың осы кәсіпорындардың активімен-ақ жабылатын қарыздарымен, ондаған компанияларды банкрот жасағандары туралы Қыржылық қауымдастықтың деректерін келтіргенбіз. Бизнесмендердің өздері де мұндай әрекеттерді мемлекеттік немесе экономи­калық мүдделер туралы қамқор­лық деп емес, рейдерлік тізбе ретінде қарайды. Енді олар ондаған емес, ал одан да көбірек болады.
Үкіметтің осы заңға «Ақ жол» партиясымен әзірленген жеке тұлғалардың банкроттығы туралы тарауды қосудан бас тартқандары біздің қатты наразылығымызды тудырды. Заң әзірлеуші мұндай механизм 2016-2017 жылдарға жоспарланып отырған табысты жалпыға бірдей декларациялау кезінде ғана енгізілуі мүмкін екенін түсіндірді.
Бірақ, қарыздары үшін бүгін көшеге лақтырылып тасталған бұл адамдар балаларымен бірге 2016 жылға дейінгі алдағы үш қыста бір жерде өмір сүру керек екенін мүлдем ескермейді! Сіздер бұл туралы ойладыңыздар ма? Жеке тұлғалардың банкроттығын енгізу өз мүмкіншіліктерін есептемегендерге, тіпті мүлкінен айырылғандарға – қаңғыбас болып кетпей, бастарына қандай да бір, жатақхананың бөлмесін жалға алса да баспана, балаларына тамақ тауып, қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін еді. Егер де ата-аналары қателік жіберді және кінәлі болды дейік, енді балаларды тоңдырып немесе аш қалдырып, қаңғыртып жібермейміз ғой. Біз үшін не маңызды: заңдық тазалық па, немесе адамдардың тағдыры ма?
Салыстыру үшін: Ресейде де әзірге жалпыға бірдей декларациялау жоқ, бірақ жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң әзірленуде, оны келешекте парламентке, яғни Мемлекеттік думаға жібереді.
Бұл мәселенің екінші жағы да бар. Біз зейнетақы реформасын талқылағанда, «Ақ жол» партиясының фракциясы халықты жұмыспен қамтымай тұрып, бұл реформа орындалмайды деп атап көрсеткен. Себебі, егер 58 жаста әйелдің жұмысы жоқ болса, онда ол 63 жасына дейін де жұмыс таппайды, яғни зейнетақы аударымын жинақтайтын ештемесі жоқ. Сондықтан, зейнетақы реформасы шеңберінде дәстүрлі әйелдер істейтін – жеңіл, тамақ, тоқыма өнеркәсіптерін және ауыл шаруашылығын, қызмет көрсету салаларын қолдауды талап еткенбіз.
Бірақ, үкімет оның орнына керісінше, осы салаларды ҮИИДМБ-нан алып тастайды және тіпті бұрынғы бар қолдаудан айырады.
Егер де, осылай болса онда адамдарға жұмыспен қамту мәселесін мекеме арқылы емес, өз бетімен, шағын бизнеске жаппай тарту арқылы шешу мүмкіндігін берейік. Бізде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 70 % – бұл ЖК, жеке кәсіпкерлер де жеке тұлғалардың құрамына кіреді. Олар да өз бизнестерін банктерден несие алып көтереді.
Егер де, адам оның бизнесі қиындықтарға тап болып, оның соңғы баспанасын тартып алып, ал отбасы мен балаларын далаға қуып шығатынын білсе, онда ол осынша тәуекелдерге бара ма? Одан да оған үйде отырып, ештеңе істемей-ақ жұмыссыздық жәрдемақысын алып, тыныш үйде отырғаны дұрыс қой, әлде олай емес пе? Жеке тұлғалардың банкроттығы жөніндегі нормаларды қабылдаудан бас тартып, Мемлекет басшысының әлеуметтік жаңғыру бағдарламасында және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айтқандай біз мыңдаған адамдарды еңбекке тартудың орнына кері итереміз.
Мәселенің келесі жағы – біз Кедендік одақ және БЭК аясында тауарларды, капиталдарды және есіңізде болса, еңбекті еркін алып өту туралы келіскенбіз. Егер, Ресей жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды қабылдайтын болса, онда кәсіпкер болғысы келетін, бұл үшін қабілеті және мүмкіндігі бар біздің азаматтар – ресейлік банктерден несие алуға барады, Ресейде бизнесін ашады және өзінің емес, оның экономикасын көтеретін болады. Себебі, онда олардың және балаларының өмір сүруіне, тіпті әркімнің басында сәтсіздіктер болғанның өзінде кепілдіктер бар. Ал, біз ондай кепілдіктерді бергіміз келмейді.
Әлеуметтік әділеттіліктің мүддесі, экономикалық даму мүддесі де бізден басқа шешімді талап етеді деп ойлаймын. Сондықтан, «Ақ жол» фракциясы мен атап өткен принциптердің негізінде бөлек «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды әзірлеуді өз мойнына алады. Біз оны 2016 жылды күтпей енгізетін боламыз. Мүмкін үкімет тағы да оған теріс қорытынды беретін болар, бірақ бұл бөлек әңгіме болады.
Баяндалғандарға байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясы бұл заң жобасын қолдамайды.
Мәлімдеме үшін: дауыс берудің қорытындысы бойынша, А.Перуашевтің сөйлеген сөзінен кейін «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасын 12 депутат қолдамады.

 

2 ПІКІРЛЕР

  1. Бұл айтылған уәждер – есі дұрыс есті адамның сөзі. Ал қалған депутаттар, «Ақжолдан» басқа , сонда бұл Парламентте несіне отыр.Шошқа тағалап отыр ма? Олар Үкімет не айтса соны қолдап -«Ләббәй,Тақсыр !» -деп бас шұлғып отыр ғой . Құдай, ау бізге қашан есі дүрыс, Елдің қамын ойлайтын есті Үкімет келеді?.Ал мына Үкіметтің істеп отырған – нағыз мемлекеттік рейдерлік! Әй,біз оңбайтын халық болдық қой!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз