Ақылға сыймайтын жоба

АҚЫЛҒА СЫЙМАЙТЫН ЖОБА  Азат Перуашевтың сынына ұшырады    Мәжiлiстің жұмыс тобы «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы бойынша «Ақ жолдың» депутаттарының ұсынысын елемей және өз азаматтарының мүдделері туралы ұмытып, ТЖМ-ның пайдасына ақылға симайтын жобалық редакцияны өткізбекші. Бұл туралы өткен аптадағы отырыста «Ақ жол» ҚДП көшбасшысы Азат Перуашев атап көрсетті. Көпті көрген заң жобасы келемежге айналып барады. Бiрқатар ережелерді (заң жобасын толығымен қайтарып алудың орнына) қайта қарау үшін қайтарып алғандарына қарамастан, заң дайындаушылар ешбір қисыны жоқ және түсініксіз «пікірлерімен» депутаттарды таңқалдыруларын қоймайды. Мәселен, азаматтық қорға­ныстың әскери бөлімдерінің анықтамасында (1-баптың 9-тармақшасы) ТЖМ – басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың дербес-ұйымдық бірлігі болып табылатын мемлекеттік мекемелер деп көрсетуді ұсынады. «Қандай басқалар?» – деп сұрақ қойды А.Перуашев. – Мен жаяу әскерлердi, аэро­мобилдi білемін зымырандық. Ал бұл қандай түрі? Не үшін оларды құрылыс батальоны сияқты сонша «құпия» жасаймыз? ТЖМ өкілдерінің жауаптарына сәйкес, мұнда «Қорғаныс және қарулы күштері туралы» Заңына енгізілген жiктемесі туралы сөз болып отыр. Бұл жағдайда депутаттар Т.Ерғалиев, Н.Жазылбеков, Е.Никитинская бұл жіктемеге жазбаша түрде сілтеме жасауларын ұсынды. Алайда, ТЖМ өкiлдері, сiлтеменің қажетi жоқ деп мәлiмдедi. Олардың ойынша, «басқа» әскерлер туралы «Азаматтық қорғау туралы» заңында жазылған екен. Кез келген адамға түсінікті болуға тиіс, ал нақты қандай екенін әскери қорғаныс туралы заңнан іздеуі керек екендігін айтты олар. – Жақсы, бірақ «Аза­маттық қорғау туралы» заңының қай жерінде азаматтық қорғаныстың әскерлеріне қатысты «басқалар» деп атауға болатын, қандай бір өзге әскерлер бар? – деді депутат Перуашев келіспек болып. – Басқаша айтқанда, жарнама туралы жәй әншейін бір күлкілі жағдай: «Бiздiң кір жуатын ұнтағымыз тиiмдiлігімен ерекшеленедi. – Кiмнен? Басқалардан!» Сонда қалай, «Азаматтық қорғау туралы» заңды оқып және түсіну үшін адамдар өзімен бірге толып жатқан әртүрлі заңдарды, одан дұрысы – барлық 500 ҚР заң­дарын алып жүруге тиіс, себебі «Азаматтық қорғау туралы» заң тура жауап бер­мейді, әрі оны қайдан табу керектігіне сілтеме жасаудан бас тартады. – Яғни, бұл заң сіздер үшін арналмаған, майор мырза, – деп А.Перуашев ТЖМ өкіліне қарады. – Ол қара­пайым адамдар үшін. Тiптi атауында көрсетілген, азаматтық қорғаныс туралы, яғни азаматтарды қорғау туралы, ал қорғаныс туралы және тағы басқа заңдарды жатқа бiлетiндер үшін емес. Бiрақ, сiздердің адамдардан осындай мәселелерді қасарысып әрменірек жасыратындарыңыз, тек бір нәрсені ғана білдіреді. Демек, сiздер өз жұмыстарыңыз үшін жауап бергілеріңіз келмейді. Сiздер жауапкершiлiктерiңiз бен қызметтiк мiндеттерiңiздің қандай екенін адамдардың білгенін қаламайсыздар. Мұндай мысалдар сiздердiң заңдарыңызда жетіп артылады. Алайда, даудан кейін жұмыс тобы көпшiлiк дауыспен және тек көрсетiлген мәселе бойынша ғана емес, тағы басқа да бірқатар сұрақтар бойынша ТЖМ-ның сандырақ ұстанымын қолдады. Барлық жағдайларда «Ақ жол» ҚДП-ның ұсы­ныстарына тосқауыл қойылды. Парламенттiк көпшiлiктегi депутаттардың кез-келген «Ақ жолдың» бастамаларына жәй ғана тосқауыл қойғаны шығар. Біз бұнымен, бірқатар басқа заң жобалары бойынша талай ұшырасқамыз, мысалы, Салық кодексі бойынша, экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту жөніндегі – деп түсініктеме берді Азат Перуашев. – Өте өкінішті, осыдан заңдардың сапасы нашарлайды және бүгінгідей түсініксіз заттар келеді. – Нақты бұл заңға қа­тысты, оның қабылдау рәсiмдері де және жұмыс тобы жетекшiсiнiң тұрақты түрде заңның өтуін тездету туралы талаптары оны дұрыс талқыламай өткізу талпыныстары туралы ойға қалдырады, – дейді фракция басшысы, – тіпті, талқылаудың өзі «Саңырауға сәлем берсең, атаңның басы дейді» деген халық мақалын еріксіз есіме салады. Қазақстанның«Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі.