Мемлекеттік тіл тағдыры шешіледі

                «Ақ жол» Фракциясымен ұсынылған мемлекеттік тілді пайдалану ая- сын кеңейту жөніндегі заң жоба- сы ғылыми негізделген және өзекті ғылыми-құқықтық сараптаманың қорытындысын шығарды. «Ақ жол» Фракциясымен ұсынылған мемлекеттік тілді пайдалану аясын кеңейту жөніндегі заң жобасы ғылыми негізделген және өзекті – бұл туралы з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі М.Баймахановтың басшылығымен ғалымдар тобының ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысында айтылды. Топтың құрамында: з.ғ.д., профессор Р.Нұртаев, з.ғ.д., профессор Т.Каудыров, з.ғ.к. Ж.Құлжабаева, з.ғ.к. А.Иржанов, з.ғ.к. Ф.Рахмитов бар. Ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысына сәйкес заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелеріне сәйкес келеді. Заң жобасы мемлекеттік тілді қолдану және пайдалану саласын әрі қарай кеңейтуге бағытталған. Жалпы алғанда, заң жобасы ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы сияқты мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға көмектесуі тиіс. Заң жобасын қабылдаудың құқықтық және әлеуметтік- экономикалық салдарын бағалаған сарапшылардың пікірінше, заң жобасын қолданысқа енгізу келесі оң құқықтық, әлеуметтік және экономикалық салдар мен факторлардың іске асырылуына жағдай жасайды: - қазақстандық азаматтықты алғысы келетін адамдардың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін басым жағдайларды жасайды; - өз лауазымды міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуге міндетті мемлекеттік қызметшілердің тізбесін белгілеуге мүмкіндік береді; - жаңа терминдерді мемлекеттік тілге енгізуді реттеу мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мүмкіндігін береді; - мемлекеттік емес салада мемлекеттік тілдің дамуына, экономика салалары үшін, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді білетін мамандарды даярлауға көмектеседі. Нәтижесінде мемлекеттік тілдің сапалы дамуы, мемлекеттік тілдің тиімді ақпараттық кеңістігін қалыптастыру үшін жағдай жасалмақ. Қорытындыда, сонымен қатар, талдаумен жалпықұқықтық қағидаттар бойынша қарама-қайшылық немесе қандай да бір тұрғындардың жекелеген топтарының мүдделерін қамтамасыз ету пейілі айқындалмағаны көрсетілді. Ғылыми құқықтық сараптама нәтижесінде заңгер ғалымдар мынадай қорытынды жасады: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік тілді пайдалану мен қолдану аясын кеңейту мәселелері бойын- ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы сарапшылардың ұсыныстары ескеріле отырып, әрі қарай қарауға енгізілуі мүмкін. Анықтама: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік тілді пайдалану мен қолдану аясын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясымен дайындалды. «Ақ жол» партиясы мемлекеттік тілді қолдану мен пайдалану аясын кеңейту бойынша жұмысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жолымен нақты қадамдардан бастау қажет деп, санайды. Партияның Орталық кеңесімен келісілгеннен кейін заң жобасы Үкіметке ғылыми-құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға жіберілді. Қазіргі таңда ол Ведомствоаралық комиссияда қарауда жатыр. «Ақ жолдың» ұсыныстары арасында «Азаматтық туралы» Заңның 16-бабына түзету енгізілген, оған сәйкес «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының тарихы, мәдениеті мен дәстүрі негіздерін білуі жөнінен емтихан тапсыру азаматтыққа қабылдаудың міндетті шарты болып табылады». Сонымен қатар, шетелдік инвесторлар үшін техникалық және қаржылық құжаттаманы міндетті түрде ҚР тіл туралы заңнамасына сәйкес жүргізу туралы талаптың қойылуы ұсынылады, бұл ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың тендерлеріне қатысу бойынша қазақстандық компаниялардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұның сыртында мемлекеттің міндетіне мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өз қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі шығындарының қаржыландыруын субсидиялауды жүктеу ұсынылады. Осы шара, заң жобасын әзірлеушілердің пікірі бойынша, мемлекеттік тілді қолдану аясының дамуын ынталандыруға ең үлкен практикалық бағыттылықты береді. «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі 17 мамыр 2012 жыл