Алматы облысының фермерлері тұқым мен тыңайтқыштарды 20% арзан сатып алу мүмкіндігіне ие болды
2019 ж. 26 ақпан
2242
0
Алматы облысының 200-ден астам фермері «ІІІ ауылшаруашылық жәрмеңкесіне» қатысты. «Ауылдық аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада фермерлер тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, отандық және шетелдік өндіріс тұқымдарын және ауыл шаруашылығы материалдарын арзандатылған бағамен алуға мүмкіндік алды, бұл оларға өз шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкеге Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы, Алматы облысының «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (ҰКП), Еңбекшіқазақ ауданының және Шелек ауылдық округінің әкімдіктері ресми түрде қолдау көрсетті.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.«Өзінің қазан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін толығымен іске асыру қажет екендігін атап көрсеткен. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, барлық мемлекеттік қолдау шараларын елге заманауи агротехнологияларды ауқымды тартуға бағыттау қажет. Бүгінгі күнде осы технологиялар біздің облысқа да жетіп отыр, егін алқаптары цифрлық нысанға көшірілуде, жәрдем қаражат беру үдерісі автоматтандырылып, ауыл кәсіпкерлері шаруашылықты жүргізудің жаңа дағдыларына оқытылуда. Бүгінгі Жәрмеңке біздің аймақтың ауылшаруашылық өндірушілері арасында тәжірибе және озық практикамен алмасудың тағы бір мүмкіндігі болмақ», - деп атап өтті Алматы облысының ауыл шаруашылығы Басқармасы басшысының орынбасары Коюмчан Омаров.
Фермерлер ауыл шаруашылығын сандық жүйеге көшіру және субсидиялау бойынша бизнес-үдерістерді автоматтандыру туралы білді. 2018 жылдан бастап өтінім беру және субсидия алу процесі толығымен автоматтандырылған, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді, процесті ашық етеді және қарау мен шешім қабылдау уақытын үнемдейді. Егер бұрын өтінім беруден бастап субсидия беру туралы шешімге дейінгі процесс бір айға созылса, енді ол үш күнге дейін қысқарды.
Алматы облысы әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП өкілдері фермерлерге субсидияларды қалай алу керектігін және оларға мемлекеттің қолдауы қандай пайда әкелетінін түсіндірді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алу нормалары бойынша таңдаулы тұқымдар мен 1 репродукция тұқымдарын субсидиялауды ескеретін тұқым өсіру шаруашылығында жәрдем қаражат берудің жаңа тәсімі енгізілген. Бұл ретте тұқымдар ауылшаруашылық өнімдерін өндірушіге бастапқы жарнасыз төлемнің күзге дейін қалдырылуымен беріледі, ал олардың шығыстары облыс әкімдігімен 100%-ға өтеледі. Күзде, егін жиналғаннан кейін, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші Мамандандырылған ұйымға норма бойынша таңдаулы тұқымдар немесе 1 репродукция тұқымдар құнының 30%-ын қайтарады.
«Биыл Жәрмеңкеге өткен жылға қарағанда екі есе көп фермер қатысуда, бұл өзін алдағы көктемгі егіс маусымын жоспарлау өтетін алаң ретінде әлдеқашан танытқан іс-шараның өсіп келе жатқан танымалдылығын көрсетеді. Жәрмеңкенің арқасында, фермерлердің өнімдерді жеткізушілерден тікелей алу мүмкіндігі пайда болды, бұл олардың шығындарын айтарлықтай азайтады. Сонымен қатар, қазір олардың жыл бойы Шелек ауылындағы Агробизнес орталығы базасында ашылған «Агродүкенде» сатып алу мүмкіндігі бар, онда фермерлер ауыл шаруашылығын жүргізу үшін барлық қажетті тауарларды ең төмен бағамен сатып ала алады. Ол біздің бағдарлама шеңберінде бизнестің қолдауы арқасында ашылды. Және біз біздің қор бірлесе ауылдағы өмірді жақсартуға жәрдемдесетін және аймақ фермерлеріне өсу және даму үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынатын осы жобаны іске асыратын «Филип Моррис Қазақстан» компаниясына өте ризамыз», - атап өтті Бақытгүл Елшібаева, Еңбекшіқазақ аудандық жергілікті қауымдастықтар қорының директоры.