«БТА Банк» қаржысын жымқырды деген күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды

ҚР Бас прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері Артур Трофимовты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстаннан экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Тұтқындалған азамат 2005-2009 жылдары «БТА Банк» АҚ-дан аса ірі көлемде ақша тонауға және оның ізін жасыруға, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топты құруға және басшылық етуге қатысты деп күдіктеліп отыр», – делінеді хабарламада.

Бас прокуратурадағылар атағандай, Трофимовтың экстрадициялануы қазақстандық құқық қорғау органдарының өзбекстандық әріптестермен бірге жүргізген жұмыстың арқасында жүзеге асты.