Қаржы министрлігінің электронды базасынан 5 миллион қате табылған
2019 ж. 29 қаңтар
4374
0
Мемлекеттік органдарда сақталған құжаттардан 4,7 миллион қате түзелген. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смаилов мәлімдеді.
Жиында сөз алған мәжіліс депутаты Татьяна Яковлева биліктің басқаруындағы электронды сайттардан, Мемлекеттік кіріс комитетінде және шекаралық бөлімдердегі ғаламтор желілерінен қате ақпараттарды бірнеше рет көзі шалғандығын жеткізді, - деп хабарлады qazaqtimes.com.
«Шын мәнінде бірнеше рет қате сандармен ұшырастым. Ондағы ең маңыздысына тоқталар болсам, 2018 жылы банктер салықтық қарызы бар азаматтардың нақты қанша екендігін көрсете алмады. Осыған байланысты көптеген азаматтар банктік есепшоттар аша алмай, несие ала алмай біраз әуре-сарсаңға түскендігі белгілі. Яғни, ақпараттың аз әрі нақты емес болуына байланысты салықты мерзімінде төлеп отырғандар ақпараттық жүйенің тұтқынына айналып отыр» деп Татьяна Яковлева өзінің пікірін білдірді.
Ал, бұл сұраққа жауап беруге тырысқан Әлихан Смаилов: «Біз былтыр осы қиындыққа тап болғаннан кейін, жаңарту барысында үлкен жұмыстар атқардық. 5 миллионға жуық қателер түзелді. Сонымен бірге тағы ды 300 мыңдай қате бар деп болжап отырмыз. Мұның барлығы салық төлеміне қатысты ақпараттар дайын болған кезде түзетіледі».
Бұдан кейін, қаржы министрлігі салық төлеушілердің күтпей-ақ, ақпараттарды жөндеуге өздері кірісетіндігін жеткізді. Сондықтан енді жергілікті атқару орындарын да іске қосу қарастырылған. Бұл қаржы министрлігінің қателігіне байланысты алғаш рет айтылып отырған дау емес.
Бұдан бұрын Гүлжан Қарағұсова да электронды жүйедегі түрлі қателіктердің салдарынан, көптеген азаматтар несие ала алмай, шет елге шыға алмай жүргендігін жеткізген еді.
Сарапшылардың сөзінше, жаппай электронды жүйеге көшуге ынтыққан биліктегілер, ең алдымен өздері сауатты болуы тиіс дейді. Сонымен бірге, әрбір жарияланған ақпараттар нақты болуы шарт.
Бұдан бөлек мемлекеттік жүйеге қатысты кейбір мәліметтерді табудың өзі де мүмкін емес екендігін жоққа шығармайды. «Көш жүре түзеледі» дегенге салып барлығын тиянақты орындамау, қайта-қайта керіге оралта беретіндігі рас.