Қазақстанда 1 қаңтардан бастап 700 мыңнан астам адамның жалақысы өсті
2019 ж. 15 қаңтар
2754
3
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап 705 мың адамның жалақысы көтерілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы халыққа жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың жалақысын көтеруді тапсырды. Елімізде 1,5 миллион адамды еңбекпен қамтып отырған 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді", — деп жазылған хабарламада.
1235 кәсіпорын ірі кәсіпкерлік субьектілеріне жатады, 1711 – орташа, 125 мыңы шағын кәсіпкерлік.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18%-ке, яғни 41,5 мыңнан 55,2 мың теңгеге дейін өседі.