Перуашев міндетті таңбалауды енгізу ұсынысын «түрткілеу әдісі» деп атады
2018 ж. 27 желтоқсан
10286
0
Мәжілістің пленарлық отырысында Азат Перуашев бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасын сынға алды.
«Әзірлеуші экономикалық теорияның кемшілігін «ғылыми түрткілеу әдісімен» толықтыруды шешкен екен. Дегенмен де, ғажайыптарға (фантомдарға) емес, экономикалық санаттарға сүйеніп әрекет етсек жөн болар еді», - деді ол.
Сонымен, тауарларды міндетті таңбалауды енгізу бойынша заң жобасына ұсынылған нормаларға қатысты депутат былайша түсіндіріп берді:
«Өткен пленарлық отырыста «Ақ жол» фракциясы бұл механизмді енгізуге қарсы өз аргументтерін көрсетіп берді. Сондықтан оны қайталап жатпаймын. Себебі Келісім парламенттік көпшілікпен ратификацияланды. Біз қабылданған шешімнің аясында жұмыс істейміз».
Азат Перуашев маркировканы қолданысқа енгізу отандық бизнесті қосымша шығынға ұшыратып, халықтың шексіз қалың жігі үшін өнімдердің қымбаттауына алып келетініне әріптестерінің назарын аударды.
Сондай-ақ, ол «шектелмеген қалың топ» терминін үкімет маркировка нақты қандай тауарларға енгізілетіні жөнінде жауап беруге дайын болмағандықтан қолданып отыр. Олар, керісінше, өзіне аталған енгізуге шектелмеген құқықты беруді талап етуде. Алайда, депутат тауардың әр тобы бойынша шешімді үкімет емес, ашық әрі мұқият талқылаудан соң Парламент қабылдауы тиіс деп есептейді. Себебі, сайып келгенде бұл жерде әңгіме бюджетке емес, жеке меншік компанияларға қосымша салық салу жөнінде болып отыр.
«Әрбірден соң, құқықтық актілер жөніндегі Заңның 21-бабы заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу кезінде құжатты қабылдаудың ықтимал экономикалық, әлеуметтік және басқа салдарларының қаржылық-экономикалық есептеулерімен және болжамдарымен бірге қоса тіркелуін талап етеді. Бұдан басқа, оған реттеушілік әсерге жүргізілген талдау, яғни анализі қоса берілуі керек», - деп ескерте кетті Перуашев.
Алайда, не қаржы-экономикалық есепті, не реттеушілік әсерге талдауды әзірлеуші енгізбеген, осылайша депутаттарға бұл норманы «көз жұмып» қабылдауын ұсынады.
«Егер үкімет өз іс-әрекеттеріне болжам жасауды қолға алғысы келмесе, біз оның қандай нәтижегеге жеткізетінін түсінбей жатып, қалайша оған келісім бере аламыз?», - деген сауал қойды «Ақ жол» жетекшісі.
Осыдан бір апта бұрын Келісімді ратификациялау кезінде қаржы министрі марканың бағасы 3 теңгені құрайды деп Парламентті сендірген болатын. Ал, кеше ғана өткен Экономикалық реформа жөніндегі комитеттің отырысында ұлттық экономика вице-министрі Даленов мырза таңбаның (марканың) құны 150 теңге деп мәлімдеді. Бұл комитет стенограммасының 6-бетінде жазулы тұр.
«Егер бастапқы мәселе бойынша Үкіметтің екі ресми өкілі де параметрлерді 50 есе артық айырмашылықпен мәлімдеп отырса, бұл орайда қандай қаржылық-экономикалық бағалау туралы айтуға болады? Енді бұған тауарлардың шектелмеген ауқымды тізбегі мен халықтың шектелмеген қалың тобын қосыңыз. Әлбетте, екі немесе үш белгісіздік күйі бар міндеттер болады. Дегенмен, дәл бұл жағдайда мүлдем ешбірі де белгісіз. Оның үстіне, кез-келген жағдайда барлығы да жауап беруге тиіс болады», - деп атап өтті Азат Перуашев.
Сондай-ақ, ол отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнестің жаппай тексеруге мен таңбалауды енгізудің нәтижесінде тап болатын шығындарға деген төзімділігіне бағалау жүргізуді ұсынды.
«Ақ жол» партиясы маркировка бойынша енгізілген нормалардың әуелден «бизнесті дамыту үшін жағдайды жақсарту» ретінде бағдарланған заң жобасында қарастырылған ресми міндетке тікелей қарама-қайшы келетініне сенімді.
«Бұл жақсарту емес, керісінше, қымбаттату және бизнес шарттарын қатайту. Анық-қанығына көз жеткізбейінше, оларды заң жобасынан алып тастау қажет», - деп мәлімдеді Перуашев. Ұлттық экономика министрлігіне олқылықтар мен айтылған ескертпелерді жою үшін заң жобасының екінші оқылымына дейін уақыт берілді.