Қазақстандықтар жаппай доллар сатып алудан рекорд жасады

АҚШ ақшасын сатып алушылар өткен айда рекорд жасады. Ранкинг.кз мәліметі бойынша, шілдеде қазақстандықтар ақша айырбастау орындарынан 500 миллионға жуық доллар сатып алған. Бұл өткен айдағы көрсеткіштен екі есе көп деп хабарлайды КТК арнасы.

Бар жиғанын АҚШ валютасына ауыстырғандар тізімін алматылықтар бастап тұр. Оңтүстік астананың халқы 67,5 миллиард теңгесін долларға айналдырған. Одан кейін Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары 25 млрд-қа жуық теңгегесін америка валютасына ауыстырыпты.

Яғни алдыңғы айдан 90 пайызға артық. Үштікті Астана қаласы түйіндеп тұр. Елордадағы көрсеткіш 19,5 миллиард теңге. АҚШ валютасы соңғы төрт айда тоқтаусыз өсіп келеді. Мысалы маусымда бір доллар 336 теңге болса, шілдеде 344 ке қымбаттады.

Ал қазір ақша ауырбастау орындарында бір доллар 364 теңгеден сатылып жатыр. Бір тәулікте 3 теңгеге қымбаттауы мұнай бағасымен байланысты деуге келмейді. Өйткені Брент маркалы қара алтынның баррелі 76 долларға жеткен.