Теңге құнсызданып барады: Бір доллар 367 теңгеге жетті
2018 ж. 15 тамыз
3717
0
Айырбастау орындарында теңге 367 теңгеге сатылып жатыр. Ұлттық валюта құнсызданып бара жатыр. Сейсенбі, 14 тамыз күні, көпшілік ақша айырбас нүктелерінде бір доллар 367 теңгеге тең келді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап.
Kurs.kz мәліметінше, кей нүктелерде 368-369 теңгеден сатылуда.
13 тамызда доллар 363,22 теңгеге саудаланды. 14 тамыз күні ұҰлттық банк курсы 363,2 теңгеге тең келді.
Доллар 2018 жылдың мамыр айынан бастап көтеріле бастады. Сарапшылар мұның себебі Ресей рублінің әлсіреуінен деп түсіндірді. Бұл маусымдық өзгеріс деп болжады.
Сарапшылар тамыздың соңында доллар 350,3 теңгеге саудаланады деп болжап отыр.