Қазақстандық миллиардер Владимир Кимге тиесілі KAZ Minerals компаниясы Ресейдегі Чукотка автономды округінен Баимская мыс кен орнын сатып алу туралы келіссөзді аяқтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық миллиардер Абрамовичтен кен орнын сатып алды
2018 ж. 03 тамыз
2577
0
Қазақстандық тарап жобаны 900 млн долларға сатып алуға келіскен. Олар кен орнын ақшалай және компанияның акцияларымен сатып алмақ.
«Баимская – әлемдегі ең ірі мыс кен орны. Мұнда мысты көп ақша жұмсамай, ашық әдіспен өндіруге болады», - делінген хабарламада.
Атап өтейік, Баимская кен орны Ресейдің белгілі олигархы Роман Абрамовичке тиесілі.