2018 жылғы 20 шілдедегі сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,9%-ға әлсіреп (343,45-тен), 346,68 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Теңге әлсірей түсті – Ұлттық банк
2018 ж. 24 шілде
4265
1
«Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 13 шілдеден 20 шілде аралығында маңызды оқиғалар Ресей Президенті В.Путин мен АҚШ Президенті Д.Трамптың қатысуымен Хельсинкидегі бірінші толықформатты Ресей-Америка саммиті, АҚШ ФРЖ-нің «Ақшыл сары кітапті» және АҚШ-тың өнеркәсіптік өндірісі бойынша деректерді жариялауы, АҚШ-тың ФРЖ басшысының елдегі монетарлық саясат және экономикалық ахуалға қатысты түсініктемелері, ОПЕК+ министрлік мониторингтік комитеттің маусымда мұнай өндірісін қысқарту туралы келісім талаптарының орындалу деңгейі туралы мәлімдемелері, сондай-ақ Д.Трамптың дамыған елдердің түрлі бағытттағы монетарлық саясаты аясында АҚШ долларының шамадан тыс нығаюына әкелді», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Сонымен, дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні әр түрлі қалыптасты.
Мәселен, Ресей рублі АҚШ Президенті Д.Трамптың Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласуына қатысты Американың арнайы қызметінің тұжырымымен келісуі және егер Ресей Америкадағы сайлауға араласуын жалғастыратын болса, автоматты түрде санкциялар енгізуді көздейтін заң жобасын АҚШ-тың Сенатында талқылау аясында 1,7%-ға (62,45-тен 62,51-ге дейін) әлсіреді. Ал, Оңтүстік Африка рэнді Оңтүстік Африка Орталық Банкінің РЕПО-ның орташа мөлшерлемесін 6,5%-дық деңгейде сақтап тұруы аясында 1%-ға (13,27-ден 13,40-қа дейін) әлсіреді. Өз түсініктемелерінде Орталық Банк инфляцияның әлеуетті өсу тәуекелдері туралы болжам айтты.
Бұдан басқа, Индонезия рупиясы 0,8%-ға (14 378-ден 14 495-ке дейін), Мексика песосы 0,7%-ға (18,89-дан 19,02-ге дейін), Үндістан рупиясы 0,5%-ға (68,53-тен 68,85-ке дейін) әлсіреді.
Ал, Түрік лирасы Түрік соты тыңшылық әрекеттері үшін және Ф.Гюлен қозғалысымен және курдтармен байланысы бар деп айыпталған америкалық пасторды қамауда ұстау мерзімін ұзартуына байланысты АҚШ тарапынан бұрын-соңды болмаған санкциялардың ықтималдығына қарамастан 1,0%-ға (4,84-тен 4,79-ға дейін нығайды. Сонымен қатар, Бразилия реалы Бразилия президентіне кандидат Д.Алкминнің центристік коалиция тарапынан қолдау табуы аясында 2,1%-ға (3,85-тен 3,77-ге дейін) нығайды.