Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бір доллар үшін 341,72 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Теңге тағы да әлсірей түсті
2018 ж. 02 шілде
5638
0
KASE хабарлағандлай, сауда саттыққа валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.
Доллардың орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 341,72 теңгені (+0,64 теңге) құрады және сауда-саттық көлемі – 62 450 мың доллар болды.
Сонымен қатар, еуро және рубль бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Ал, қытай юанінің орташа сараланған бағам бір юаньға 51,4149 теңгені құрады (-0,0951 теңге), сауда-саттық көлемі – 5 100 мың юань (-5 050 мың юань) болды.