Зейнетақы қорындағы ақша Қытай мен Үндістан компанияларына аударылған
2018 ж. 28 маусым
3130
0
Зейнетақы қорының ақшасы Қытай компанияларына құйылғаны белгілі болды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Жұрттың кәрілікке жиған ақшасы енді Қытай мен Үндістанның квазимемлекеттік компанияларына құйылған. Бұрын активтерді тиімсіз кәсіпорындарға аударып, әуреге түскен қаржыгерлер бұл жолы инвестициялар дер кезінде, әрі мол табыспен қайтады деп сенімді. Десе де, бұл жағдайдың қамсыз қарттықты аңсайтын халықты алаңдатпай қоймайтыны белгілі.