Азат Перуашев: Cалықшылар мемлекетке такси жүргізушілерінен де аз пайда әкеледі
2018 ж. 07 маусым
3586
1
Салықшылар өздерінің тексерістерімен мемлекетке такси жүргізушілерінің немесе контейнердегі сатушылардың тапқан табысынан да аз пайда әкеледі, есесіне ол бизнеске қиындық тудыртады – Мәжілістің пленарлық отырысы аясында «Ақ жол» фракциясының көшбасшысы салық салуға қатысты ахуалды осылайша суреттеп берді.
- Есеп комитетінің деректеріне сүйенсек, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша кездейсоқ тексерістер жүргізген кезде, 78-ден 369 күнтізбелік күнге дейін есептелгенге дейінгі сомасы 89,7 мың теңгеден 714,0 мың теңгеге дейін құрады. Мұндай тексерулердің экономикалық тиімділігі күніне 2 мың теңгеден аспайтын болып шықты, - деп ол қарапайым арифметиканы келтіріп өтті, - Есесіне кәсіпкерлердің шамадан тыс уақытын алып, жүйкесін тоздырады.
Бұл нәтижелер тіпті сол тексеріс жүргізушілердің жалақысын да қамтымайды. «Такси жүргізушілері немесе «барахолкадағы» контейнердегі сатушылар олардан көбірек табыс табады. Мүмкін, оларды асырағанша, оның үстіне бизнеске кедергі жасағаннан гөрі, бюджет үшін мұндай мамандарды қысқартып тастау әлдеқайда тиімді болар еді», - деді Перуашев.
Депутат салықшылар «белгісіз бір себептермен, кейбір кәсіпкерлерді күйреудің шегіне жеткізсе, ал енді басқаларына ақылға сыймайтын мейірбандық танытып жатады», - деп нақты мысалдар келтірді. Мәселен, 2017 жылы Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен (МКД) жалғандық белгілері бар мәмілелерді жүзеге асырған 63 контрагенттің ішінен жалпы көлемінің 7% мәміле сомасында 4 субъекті ғана тексерілген. Яғни, 94% белсенді заң бұзушылардан олардың іс-әрекеттерінің заңдылығы туралы ешкім тіпті сұрамаған.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД-мен 88 анықталған контрагенттердің 13-і 5% мәмілелер сомасында тексерілген, ал Қарағанды облысы бойынша МКД-мен 43-тен 15 контрагенттер тексерілді. Яғни, салықшылар екі жағдайда да тағы 85% және 65% әлеуетті заң бұзушылардың мазасын алуға сескенген сыңайлы.
Көріп отырғандарыңыздай, бұл, тіпті ерекшелік те емес, ал кең таралған тәжірибеге айналып барады.
Алайда, сонымен қатар Астана және Алматы қалалық, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстық МКД салықшылары 12,7 млрд. теңгеге қосымша құн салығы (ҚҚС) және корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша кәсіпорындарға ескерту көлемін негізсіз арттырған.
Демек, адал емес салық төлеушілер назардан тыс қалады да, ал адал кәсіпкерлерге әр кез сайын күресіп, «түйе емес» екенін дәлелдеуіне тура келеді», - деп ашығын айтты Перуашев.
Мәселе тек салықта ғана емес, «сұрқай» схемалар бойынша жұмыс істейтіндерде болып отыр – олар өздерін емін-еркін сезінеді, әділетсіз бәсекелестікті тудырады және нарықта ашық әрі адал жұмыс істейтіндерді жаншып тастайды.
Алайда, керісінше болуы тиіс: әділ жұмыс істейтін бизнес үшін жеңіл әрі оңай болуы керек. ал алаяқтарды әшкерелеп, оларды «орнына қою керек» – деп түйіндеді депутат.
Ақпарат үшін: Өздеріңізге белгілі болғандай, осы әлеуметтік желілерде сәулетті сарайдың фотосы мен видеосы таратылуда. Бейнежазба авторының айтуынша, оның иесі жақында қамауға алынған Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары болып шықты.