«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электронды сауданы дамытуға басымдылық беріледі. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ideas for women IFW-2018» атты ҚР Іскер әйелдер қауымдастығы форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Цифрлық Қазақстан аясында электронды саудаға басымдылық беріледі – Абаев
2018 ж. 31 мамыр
2554
1
«Біз цифрландыру бағдарламасында басқа елдердегі барлық тәжірибені таңдап алдық. Егер Цифрлық Қазақстан бағдарламасы жүзеге асырылатын болса, онда еліміз жақсы жаққа өзгеріп, мүлде басқа мемлекетке айналады. Мемлекет басшысы атап өткендей, төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын қазақстандық қауымдастықтың барлық салаларына тарту біздің міндетіміз болып табылады», - деді министр.
Дәурен Абаев осы тұста елдегі ірі әрі ықпалды бірлестіктердің біріне айналған Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының рөлін де ерекше атап өтті.
«Үлкен жетістіктеріне қарамастан, әйелдер кәсіпкерлігінде үлкен әлеует бар. Ал алдағы цифрландыру дәуірі бұл жаңа мүмкініктер болып табылады, сол себепті ол әлеуеттерді біз жүзеге асыра аламыз деп сенемін. Экономика салаларын цифрландыру кәсіпкерлік саласы үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр. Осы бағыт аясында біз электронды саудаға, соның ішінде ауылдық жерлердегі саудаға басымдылық беретін боламыз. Қазірдің өзінде бұл алғашқы нәтижелерін беріп отыр. Осы орайда, электронды сауданың дамуына ықпал ететіндей Салық кодексіне бірқатар өзгертулер енгізілді», - деген министр интернет-дүкендер құру бойынша арнайы оқулар да ұйымдастырылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, электронды төлемдер қабылдауды арттыру үшін мобильдік төлемдерді жүзеге асырудың оңтайландырылыған механизмдерін енгізуді ынталандыру мәселесі қаралады.