Танымал бизнесмен Еркін Әмірханов тұтқындалды

Астана қаласында есімі Forbes тізімінде жиі аталатын танымал бизнесмен коммерциялық сипатта пара берді деген күдікпен тұтқындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Центрказэнергомонтаж» АҚ сатып алу бойынша бұрынғы басқарма төрағасы Е. А. Әмірхановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Оған ҚР ҚК 253-бап 6-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдік тағылып отыр», - делінген хабарламада.

Күдікті 5 мамыр күні тұтқындалған. Ертесінде №2 Есіл аудандық сотының үкімімен екі ай көлемінде темір торға қамау туралы шешім шығарылды.

«Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бап 1-бөлігі сәйкес, тергеудің өзге деректері жарияланбайды», - деп қосты ведомстводағылар.