«Ақ жолдың» бастамасымен «БЖК - 2020» бағдарламасы бойынша бизнесті қаржыландыру көлемі ұлғаяды
2018 ж. 05 сәуір
6602
1
«Ақ жол» фракциясының бастамасымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша бизнесті қаржыландыру көлемін ұлғайту әзірленеді – ағымдағы жылғы 21 ақпанда Дания Еспаева жолдаған «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалына Ұлттық экономика министрлігінен жауап алынды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.
«Бизнес өкілдерінің тарапынан келіп түскен көптеген үндеулер 2018 жылдың 3 қаңтарынан бастап бюджеттен қаражат бөлу туралы шешімді қабылдағанға дейін субсидиялау шарты екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) және орташа сатып алу жиілігі (ОСЖ) тарапынан қол қоюға қабылданбай жатқанын айғақтайды. «Даму» қорының берген ақпаратына сүйенсек, облыстардың көпшілігінде жаңа жобаларды субсидиялауға қаражат жетіспейді», - деп Ұлттық экономика министрі атына жолданған сауалда мәлімдеген еді.
Депутат тек 4 облыстарда ғана жаңа жобаларды субсидиялау үшін жеткілікті қаржы бөлінгенін, ал қалған облыстарда аймақтық үйлестіру кеңесі 2018 жылы жаңа жобаларды мақұлдай алмайтынын атап көрсеткен.
«Осыған байланысты, АБК-нің мақұлданған жобалары бойынша субсидиялау туралы келісімдерге қол қойылмайды және қазірдің өзінде қол қойылған келісім-шарттар бойынша сыйақы субсидияланбайды. Тиісінше, кәсіпкерлер несие ресурстарын игеруді уақытша тоқтатуға және де нәтижесінде инвестициялық бағдарламаларын соңынан туындауы ықтимал қауіп-қатерлерімен бірге қарауға мәжбүр болады», - деп Еспаева баса айтқан еді.
Осыған орай, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын ұдайы негізде жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін «Ақ жол» фракциясы Ұлттық экономика министрлігіне «субсидиялау» құралы бойынша 13 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы өтінішін жолдаған болатын.
Күні кеше ғана фракцияның сауалына Ұлттық экономика министрлігінен ресми жауап алынды. Оның барысында министрлікпен 2018 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде 12 млрд. теңге бөлу туралы бюджеттік өтінім әзірленгені белгілі болды.
«Сәйкесінше, тиісті өтінім Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жолданды», - деп хабарланған вице-министр С. Жұманғариннің қолы қойылған хатта.
«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны және отандық бизнестің мүддесін қорғау жұмыстарын жүзеге асыруды жалғастырады.