ОРМАНДЫ ӨЛКЕ-ЕЛ ИГІЛІ

Қазақстан жері ұлан – байтақ болғанымен орманды алқабы жерінің аз ғана бөлшегін алып жатқаны белгілі. Орман, ағаш тек қана табиғаттың сұлулығы үшін ғана қажет емес, оның қоршаған ортаға, адаммен бүкіл жан – жануарлардың денсаулығына, ағзасына тигізер пайдасы шексіз. Орманды алқаптар болмаса жер шөлейт далаға айналу, құм басу факторларының орын алу қаупі өте зор, айналып та жатыр. орман Осыны түсінген мемлекет Үкіметі ел Президентінің көп жылға арналаған стратегиялық кешенді бағдарламасы бойынша қолдан еккен, жасанды орман алқаптарын жалғыз Астана қаласының аумағында ғана емес еліміздің әр бір үлкенді – кішілі қалаларының маңында бой көтеру үшін қыруар қаржы жұмсап еңбектену үстінде. Атқарылған шаруаларда ауыз толтырып айтарлықтай. Ал қарт Ертістің екі жағалауында орналасқан Семей қаласының жағдайы басқа қалаларға қарағанда орман саласы бойынша алатын орны ерекше. Менің айтайын дегенім дүние жүзінде кілең қарағай ғана өсетін екі жер бар, бірі Канада мемлекетінде болса екіншісі Қазақстанның Семей қаласының іргесінде. Қысы – жазы жап – жасыл болып, бір шеті Семей болса, екінші шеті Ресейдің Алтай өңіріне дейін созылып жатқан қарағайлы орман. Орман ішіне кіріп серуендеген адам осындай сұлу алқапқа неге жиі келіп тұрмаймын деп өзіне – өзі таң қалып, сұрақ қойып жатады. Ауасы да ерекше таза әрі шипалы. Сондықтан туберкулезді емдеу санаториі, балалар демалатын лагерьлер, кәсіпорын, мекемелердің демалыс базалары осы орманның Ертіс өзеніне жақындаған тұсында орналасқан. Осы табиғаттың ерекше пайдалы әрі шипалы өңірі 1990 – ны жылдары талан – таражға түсіп құрып кете жаздады. Орманды қиып, отап көп ақшаға кенеліп лезде байып кетеміз деген аудан әкімдерінен бастап байып жүзге тарта заңсыз пилорама орнатып орманды күндіз – түні қыра бастады. Төрттен бір бөлігі жойылып үлгерген кезде Ел басы Н.Ә. Назарбаев бұл қырғынды тоқтату мақсатында «Семей орманы» атты мемлекеттік табиғи – орман резерватын құру жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Жәнеде қарағайлы орманда ағаштарды қию, шығару, сатуға тиым салынды. Осы шаралардан кейін бірте – бірте әдейі от қойып жағып жіберу, заңсыз кесу тиыла бастады. Сонымен қоса орман шаруашылық мамандарының жалақысын өсіру, техника, қажетті құралдармен жабдықтау шаралары да жыл сайын еселеп өсе бастады. Көптеген өрттердің қалдығы (шала жанған, от шарпып күйіп қалған) ағаш қалдықтарында сау жасыл орманды құртып жіберетін неше түрлі зиянкес паразиттер және пайда болған ауыруларды залалсыздандыру мақсатында Үкімет қаржылай көмек көрсетті. Олай істемегенде 5-10 жыл аралығында орман мүлдем құрып кетер еді. «Семей Орманы» резерватының алдына Үкімет қойған тағы бір негізгі мақсат ол 665 мың гектар жерде орналасқан орманды алқаптың жойылып кеткен 130 мың гектарын қайтадан қалпына келтіру. Қалпына келтіру деген өте қиын әрі күрделі жұмыс. Ол үшін 130 мың гектер жерді күйген, құлаған ағаш қалдықтарынан тазарту керек. Отырғызар алдында ол көшеттерді арнайы жылыжайларда ұрықтан өсіру керек. Ақырғы бес жыл ішінде бұндай жұмыстар жүргізіліп келеді. Бірінші жылы 1 мың гектер жер тазартылса, ал биыл – 6 мың гектарды құрады. Көшеттерді отырғызу жұмыстар көлемі 2003 жылғы 44 гектардан өткен жылы 2462 гектарға дейін ұлғайтылды. Ал биылғы жылы орман жұмысшылары оған қосымша 2803 гектарға көшеттер отырғызды. Келесі жылы, күйіктен тазартылған алқапка 2 жылдық қарағай көшеттерін отырғызуды қолға алмақ. Резерват жұмысшылары ол көшеттер әбден кірігіп, бойын 1 метрге жетгізу үшін 5-7 жыл бағып күту керек дейді. Осыдан кейін ғана ол көшеттерді табиғи орман санатына жатқызады. 2005-2006 жылдардан ғана қолға алынған көшеттерді өсіру, орман алқабына отырғызу жұмыстары басталғандықтан әңгіме 100-деген гектар жайынды ғана өрбіп отыр. Көп мөлшерде көшеттерді табиғи орман санатына өткізу келесі жылдан басталады. Құрып кеткен 130 мың гектар орманды қайтадан қалпына келтіріп, толығымен көшеттерді отырғызып шығу үшін қаншама жыл керек екенін өзіңізде топшылап отырған шығарсыз. Оған қаншама миллион көшеттерді ұрықтан өсіріп шығару керек. Көшеттерді өсіру үшін жылыжай көлемі 12 гектарға дейін ұлғайтылған. Оны әрі қарай ұлғайту, дамыту үшін бірнеше шаралар қолға алынып, жоспарлы түрде атқарылып та жатыр. Көшеттерді өсіру қарқынын еселеп көбейту үшін қосымша 6 жылыжай қалпына келтірілді. 2013 жылда көшеттерді өсіруге арналған жылыжайлар аумаған 16 гектарға жеткізу жобаланып отыр. Қарағай көшеттерінің тұқымын 950-1000кг жеткізілді. Осы салада «Семей орманы» резерваты орман тұқымын өсіру комплексінің Қарамұрза орман шаруашылығында құрылысының салынуымен байланыстырып отыр. Қаржыландыру мәселелері ормандарды сақтау және республика аумағын «ормандандыруды көбейту» жобасы аясында жүргізіліп жатыр. Бұл комплекстің құрамында орман тұқымы стансасы, тұқымдардан көшет өсіру жылыжайы, оның өнімділігі жылына 3 миллион болмақ. Және швед технологиясы бойынша тамыр жүйесі ашық көшеттерді жылына 7 миллион дана өсіруге арналған жылыжай салынбақ. Жобалау жұмыстары толы­ғыменен аяқталды. Бұл жоба мемлекеттік сараптаудан өте салысымен құрылыс жұмыстары басталады. Ормандандыру жобасы мемлекеттік сараптаудан өте салысымен құрылыс жұмыстарды басталады. Ормандандыру жобасы бойынша жылына 6 мың гектар жерге көшеттер отырғызылып отыруға тиісті. Бұл ауқымды да күрделі жұмыс. Ол үшін жылына 25 миллион тұқымнан көшет өсіріп отыру керек. Жұмыс осы қарқынмен жүргізілгеннің өзінде 22 жылдай уақыт кетеді екен. Осы межені бағындыру үшін жұмыс өнімділігін арттыру үшін әлі «Семей орманы» резерватына 130 ауыр трактор (ойлы – қырлы алқаптарда жұмыс істеуге, орман шаруашалығына арналған), онымен қоса 130 көшеттерді жерге отырғызуға әдейілеп арналаған машиналар, және 50 трактор қажет болып отыр. Олар жойылған орманды алқапты, қалпына келтіруге зор ықпалын тігізіп қана қоймай, мемлекеттік тапсырманың уақытында орындалуының кепілі. Жоғарыда айтылған құны 63 миллион долларлық жоба бойынша Ертіс өңірінде 41 мың гектар жерге жаңадан орманды алқап жасақталмақ. Бұл 63 миллион доллар тек қана Семей өңірінің қарағайлы орманын қалпына келтірүге ғана арналмаған. Қаржының бір бөлшегі (дәл Семей қарағай орманында орын алған) екі аяқты жауыздардың әрекеттерінің кесірінен құруға аз-ақ қалған Қызылорда өңірінің сексеуіл ормандарын қалпына келтіруге жұмсалмақ. Құм жылжуын (көшуін) тежейтін жалғыз амал – ол сексеуіл отырғызу. Орманның бірінші жауы – ол өрт екінін бәріміз білеміз. Білгендіктен өртке қарсы, тез арада көріп, хабарлап, лезде жетіп сөндіру үшін өртке қарсы арнайы арналаған жабдықтар, құралдар қажет. Олардың санатына өрт - химиялық стансалары, өрт шыққан жоқ па деп бақылап тұратын өрт вышкалары (қарауылы), өрт сөндіру машиналары жатады 4-5 орман шаруашылықтарында осындай стансаларының салынғаны және салынып, құрылысы жуыр арада бітеді дегендері бар. Тілсіз жау өрт бола қалған жағдайда ол етек жайып кетпеу үшін өртке қарсы жыртылған жерлер, арнайы тежегіш жолдар т.б. жер жұмыстары да қосымша жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды жүргізу үшін жоба бойынша 40 миллион теңге қосымша қарастырылып отыр. Осы жұмыстар дер кезінде жүргізілмегендіктен, жәнеде орман шаруашылығы қызметкерлерінің салғырт­тығынан т.б. себеп­тердің кесірінен Бесқарағай ауданына қарасты осыдан 4-5 жыл бұрын бүкіл Беген ауылы толығымен өртеніп кетті. Кісі өліміде орын алды. Тым құрмағанда ауыл ішінде, ауылға тым жақын орналасқан қарағайларды сақтық шара ретінде қиып та тастамаған. Ауылды айнала өртке қарсы амал ретінде жер жұмыстарыда жүргізілмеген (меже жырту, орман мен ауыл арасын алшақтату мақсатында жол салу т.б.) Келесі орман шаруашылықтарын қинап жүрген мәселелер ол; Жоғарғы арнайы білімі бар 20 маманның жетіспеушілігі. Олардың келмеу себебі – баспаналарының жоқтығы. Төменгі деңгейдегі жалақы. Жұмысшының орта есеппен алғандағы жалақысы – 2968 теңге, ал жалпы Республика бойынша – 57681 теңгені құрайды. Аты аталған келелі істерге түрткі болған, оның Республика халқына, халықтың денсаулығына ықпалы зор екеніне үлкен мән беріп отырған әрине ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаевқа тиесілі екенін айтқан орынды. Жетістікті көрмеу – соқырлық демекші Б.М.Сапарбаев әкім болған 3 жылдың ішінде дәл осы салада да еселеп алға жылжу, қыруар жобалар іске асып халық игілігін көріп жатқаны ақиқат. Орман саласының қазіргі заман талабына сай дамуының ірге тасын қалаушы Б.М. Сапарбаев екені бәріне аян. Осының айғағы ретінде Б.М. Сапарбаевтың бастамасы бойынша Семей қаласында 16 кіші саябақтар ағымдағы жылда салынып бітеді. Орталық мәдениет және демалыс саябағын реконструкциядан өткізу, жаңадан жабдықтау үшін Өскемен қаласы 5 млн теңге ақша бөлді. Ал 16 кіші саябақтардың құрылыс жұмыстарын жүргізуге ШҚО барлық қаражатты өз мойнына алып отыр. Жұмыстар басталып та кетті. Осындай жұмыстарды істейміз десе бұрынғы облыс әкімдері Т.Абайдильдин, Бергенев, В. Храпуновтарға кім қой деді, кім тиым салды? Әкім халық үшін жұмыс істеу керек, оларға әлеуметтің қай саласында болмасын жағдай жасау керек деп тынбай еңбек етіп жүрген жалғыз Б.М. Сапарбаев екеніне көзіміз әбден жетті. Семей қаласына қолдау көрсету облыс тарапынан жыл сайын еселеп өсуде. Ал Семей қаласының әкімшілігі ауызын сары уыз балапандай облысқа ашып қана отырмай халықтың қарыздарын жинап, мәдениет, халықтың демалу салаларына ауқымды жұмыстар атқаратын кез келді. Облыс осыншама жұмыстар атқарып, қаржы құйып жатқан кезде Семей әкімшілігі өз қаласындағы жалғыз Орталық саябағына бір тиын жөндеу, жабдықтау үшін бөлмегені, сол салық төлеушілерге назар аудармау деп ұққан жөн болар Осы мақаладан түйін­дейтініміз, оқырман, ол 5-6 жылда 130 мың гектар орманды құртып жіберілуі, ал оны қалпына келтіру үшін 20-30 жыл уақыт, ондаған миллиард теңге керек. Сондықтан өзіміздің орны толмас табиғи байлығымызды көзіміздің қарашығындай сақтап жүру бәріміздің Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы парызымыз.

О.Сәрсенбин ҚПД Ақ Жол Семей қалалық филиалы Қеңесінің төрағасы