Алматы облысында ерекше жоба іске асуда
2018 ж. 26 ақпан
9726
0
Алматы Облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында « І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жас ғалымдары Алматы облысында инновациялық өндірісті іске қосу» тақырыбы бойынша баспасөз конференциясы өтті.
«Бүгінгі күні жастар тікелей қызығушылық танытатын инновациялық жобаларға назар аудару өте маңызды, жастардың барлық белсенділігі мен әлеуеті бастамашылық жобаларға бағытталуы керек, болашақта олардың қолданысын табуға болады»,-деді ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциализациялау офисінің директоры Дигай Дамир Анатольевич.
Мемлекет басшысының саясатын ұстана отырып, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жас ғалымдар тобы «ЖМУ-нің стартап академиясында» 190 миллион теңгеге жеделдетілген жобаны жүзеге асыруға кірісті.
«Біздің жобамыздың мақсаты - жаңа композиттік материалдарды өндіру технологиясын коммерцияландыру. Бұл қатты беті бар бастапқы материал. Бетоннан жасалған кейбір брендтерден 2-3 есе асып түсетің күші бар. Бұл технологияны пайдалана отырып дайындалған бұйымдар бірегей қасиеттерге ие: ұзақ мерзімділік, эстетика және гигиена, күтімжәне дизайндық шектеуі жоқ. Өнімдердің негізгі артықшылықтары вирустар мен бактериялар материалдың бетінде орналаспайды. Демек, материал санитарлық-гигиеналық бұйымдар жасауға қолайлы. Ғимарат материалы ретінде кеңінен қолданылуы мүмкін. Арнайы мұқтаждықтарға арналған микробқа қарсы препаратты қосу арқылы, медициналық мекемелерде пайдалану үшін антимикробтық қасиеттермен жақсартылған бірқатар материалдарды жасауға болады, жоба бойынша толық ақпаратты fpip.kz сайтында көре аласыздар» ,- деді жоба жетекшісі Олжас Закирұлы.
Қаңтар айынан бастап іске асырылып жатқан жобада 4 жоғары білімді азаматтар жұмыс жасап, 2020 жылға қойылған мақсаттары бойынша Талдықорған қаласы Қонаев көшесінде арнайы өнім шығаратың зауыт ашылып өңдіріске жіберілмек.
Жобаны іске асыру мақсатында бар жоғы 2 жылда шарықтау шегіне жетуі тиісті, үлкен еңбек талап ететің жұмысты, Германия мен Эстонияның композитивті материалдар компанияларының өнеркәсіп жетекші,сарапшылары қолдап отыр.