Инновация тұмар емес, оны өндірістегі тәжірбиеде қолдану қажет - Перуашев
2018 ж. 16 қаңтар
7448
9
Ұлттық бизнестің өкілі ретінде «Ақ жол» демократикалық партиясы үшін Президенттің нарықтық реформаларды дамытуға, адал бәсекелестікті және отандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған тапсырмалары басым бағыт болып саналады.
Бұл кезекте, аталмыш Жолдауда ұсынылған Қазақстанның әрі қарай жаңғыруындағы экономикалық шешімдердің айқын артықшылықтарын атап өткен дұрыс. Асылында, Нұрсұлтан Әбішұлы, әрдайым практикалық мәселелердің артық саясаттандырылуынсыз олардың жақтаушысы болып келеді. «Алдымен экономика, сосын саясат» - деген Елбасының сөзі әлдеқашан нәтижеге бағытталған, басқарудың өзіндік ұстанымына айналған.
Мемлекет басшысының бұл жолғы халыққа жолдауының ажырамас тақырыбы күнделікті өмірге инновациялар мен сандық технологияларды белсенді енгізу мен жылжыту, әртүрлі секторларда олардың «тірек тораптарын» құру болды.
Атап өткендей жаңа технологияларды енгізудің флагманы индустриалды сфера болуы керек, - яғни, ең алдымен өнеркәсіптік өндірісте жаңа технологияларды енгізу орын алуға тиіс – бұл Жолдаудың қолданбалы сипатын білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, «жасампаздандыру» тек қана қызметтер, информатика немесе ойын-сауық индустрияларына қажет емес. Жаңа технологияларды нақты секторларға енгізбесе, экономикада құрылымдық өзгерістер бекінбей барлық басқа инновациялар қосалқы болып қалады.
Мемлекет басшысы Қазақстанға инновация тұмар ретінде емес, оны өндірісте тәжірибелік қолдануда қажет екеніне аса назар аударып атап өтті: «нақты секторлар тарапынан жаңа технологияларға сұранысты ынталандыру және жеке нарықты қызметін венчурлық қаржыландыруға бағыттау инновациялық экожүйе табысының негізгі факторлары болып табылады».
Өнімді экспорттауға, кәсіпорынды модернизациялауға бағытталған жаңа құралдарды жасау туралы айта отырып, Президент бизнес үшін айтарлықтай ауыр тақырыпты атап көрсетті. Кез келген өндірістік процесті модернизациялау, әсересе технико-технологиялық кәсіпорынды қайта құралдандыру бүгінде бизнестің өз есебінен жүргізіледі. Бұл өз кезегінде жаңа технологиялық шешімдерді сатып алуға ғана емес, өндіріс жағдайын жақсартуға, оны қайта қаруландыруға және қайта құруға шығындардың болатындығын көрсетеді.
Көптеген еуропалық мемлекеттерде, жекелей алғанда, Германияда, мұндай жағдайда мемлекеттен тура көмек сұрауға құқылы, ал егер мәселе қосымша инвестициялар туралы болса онда, салынған қаржының 50%-ы қайтарылады. Бұл уақытта, біздің шенеуліктер инвестициялық жеңілдіктер аясында қайта құру мен өндірісті жаңалаудан өткен компанияларды қолдаудан соңғы уақытқа дейін бас тартып келеді. Кәсіпорынды модернизациялауға инвестициялық субсидиялар туралы ұсынысқа мұндай жауаптарды біз Үкімет күшін жоюдан бастартып отырған, Кәсіпкерлік Кодекісінің күшіндегі нормаларына қарамастан министрліктерден, және Үкіметтің өзінен де алғанбыз.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы бұл мәселені қозғады және 2017 жылдың 20-шы желтоқсанындағы депутаттық сауалда мұндай ниеттерге өздерінің қарсылықтарын білдірді. Президенттік тура тапсырмасы мемлекеттік органдар жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды модернизациялауды, жаңа жоба ретінде қарап, бұл мәселелерге шынайы қарап және қолдау көрсетуге итермелейді деп сенеміз. Оған қоса, Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында бірнеше жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды цифрлау бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыруды және бұдан кейін осы тәжірибені кең тартуды ұсынды.
Азат Перуашев
«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты