Отандық сарапшы Елбасы Жолдауындағы экономиканы цифрландыру мәселесі туралы айтты
2018 ж. 16 қаңтар
7049
7
Президент Жолдауында қаржы секторын қайта «жаңғырту» керектігі сөз етіледі. Сонымен бірге, меншік иелері өз қаржылық жобаларына лобби жасауына байланысты банк иелерінің жауапкершілігін арттыруға басымдық берілген. Осы орайда реттеуші тарапынан жүргізілетін бақылау ЕДБ пруденциалдық нормативтерін сақтап, проблемалық несиені азайтуға септігін тигізу керек.
Сондай-ақ, Халықаралық қаржы орталығының жұмысын іске қосу аясында бірнеше квазимемлекеттік компаниялардың акцияларын IPO-ға шығару қор нарығын дамытып, кең ауқымдағы инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасайды.
Президент меморгандарға қарасты ұйымдардың санын азайту арқылы жекешелендіруді тездету керектігін атап өтті. Мысалы, Ұлыбританияда жүздеген жаңа компания үкіметтік сектордан шығарылып, жылдық құны 1,5 млрд долларға жететін мемқызмет түрлерін көрсетуде.
Мемлекет басшысының Жолдауында экономика саласын цифрландыру мәселесі көтерілген. Бұл қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен жеке сектор үлкен ақпараттық ағынға тап болатынына байланысты, бұл өз кезегінде көптеген түйткілді мәселелерді тудырып ғана қоймай, керісінше, оларға үлкен мүмкіндік жасайды.
Сауатты құрылым мен басқару болса үлкен деректер бағалы ақпаратқа жол ашады, бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, өндірушілікті арттырады.
Цифралық реформаның тағы бір қозғаушысы – халықты урбанизациялау. Қала халқының саны күн санап артуына байланысты қала инфрақұрылымына үлкен салмақ түсуде, бұл қала шығынын оптимизациялау керектігін білдіреді.
Қазақстан қалаларында «Смарт Сити» концепциясын кешенді түрде енгізу қала шығынын азайтуға көмектеседі. Цифрландыру Қазақстан секілді елдердің қалаларына үлкен пайда табуға көмектесіп, бизнес үрдістерді қашықтықтан басқаруға септеседі.
Осылайша, Елбасы Жолдауындағы әлемдегі соңғы трендтердің көрініс табуы күнделікті құбылған әлемнің сын-тегеуріндеріне жауап беруге мүмкіндік береді.
Айжан Мұқышбаева,
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы
Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы
Қазақ үні