Еуропалық Airbus компаниясы және Қазақстан арасында болған заңсыз комиссияға байланысты тергеу аясында тінту жүріп жатыр деп хабарлайды «Астана» телеарнасы әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық олигархтар мен Францияның экс-президенті жемқорлыққа қатысты күдікті деп танылды
2017 ж. 30 қараша
2473
4
Mediapart веб-сайтының деректеріне сүйенсек, тінту жұмыстары Қазақстанда 2010 жылы тікұшақтар мен спутниктердің сатылған ісімен байланысты жүріп жатыр.
Қазір Францияда осы келісім аясында төленген 8,8 миллион еуро көлемінегі заңсыз комиссия туралы тергеу жалғасуда. Концерннің топ-менеджерлері қазанда куәгер ретінде тергеуге шақырылды. Тергеушілер Airbus-пен жасалған келісім кезіндегі жемқорлық туралы істі 2014 жылы ашқан.
Енді олар заңсыз келісімді елдің экс-президенті Николя Саркози мен қазақстандық олигархтар жасады деп күдіктеніп отыр.