Алматыда «Смарт сити» жобасын жүзеге асыруға Сингапур компаниялары қатысады
2017 ж. 28 қараша
2175
1
Сингапурлық кәсіпкерлер Алматыдағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Алматы қаласы әкімінің Сингапурге жұмыс сапары барысында аралда орналасқан мемлекеттің іскер ортасы және қала әкімдігі арасында екіжақты келісімге қолжетті. Екіжақты кездесу аясында Бауыржан Байбек сыртқы істер бойынша аға мемлекеттік министр – Сингапурдың Оңтүстік Шығыс ауданының Мэрі Мұхаммед Малик Османмен және Сингапурдың сауда, өндіріс ұлттық даму жөніндегі аға мемлекеттік министрі Ко По Кунмен жүздесті.
Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс сапар барысында Сингапурдың жер үсті көлігі жөніндегі Агенттік қызметіне ерекше назар аударылды, көлік жүйесін интеграциялауды жалпы қаланың дауымен қоса жүргізу мәселесі кеңінен сөз болды.
Бүгінгі күні аумақтың шектелуінен Сингапурде халық тығыз орналасқан, сондықтан қоғамдық көлікті дамытуға жете мән берілген. Мұнда көлік тұрақтарын азайту, жолды пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу арқылы жеке көліктер қатары сиреген. Сингапур билігі 2018 жылы ескі көліктерді жою бағдарламасының арқасында жеке көлік санын мүлдем азайтуды қарастыруда. Ескі көлік әр 10 жыл сайын жойылады, жаңа автомобиль содан кейін ғана тіркеледі.
«Біз қазір ауқымды көлік реформасын жүзеге асырудамыз, смарт шешімдерде Сингапур тәжірибесін пайдаланып, адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартамыз, әсіресе көлік саласында. Алматыда күн сайын 700 мыңнан астам көлік жүруде, соның салдарынан қала трафигіне қысым жасалуда. Біз қоғамдық көлікке ерекше назар аударамыз. Жыл аяғына дейін қала автобус паркінің үштен бірі жаңарады, ЖРК жобасына дайындықтар жасалуда ,БРТ дәлізі құрылады, метро құрылысы жалғасады, автобустарға арналған арнайы жолақтар ұзындығы 100 шақырымға дейін жетеді. Көлік тұрақтары қолға алынып, велоинфрақұрылым, жаяу жүргінші аймақтары пайда болуда», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Алматы делегациясы Сингапурдың стратегиялық жоспарлау, бас жоспарды жасау және қала құрылысын бақылау жөніндегі Агенттігінің жұмыс тәжірибесіне жете мән берді.
Биылғы жылы Алматыда қала инфрақұрылымының басым бөлігі қайта жаңарды. Қаланың тарихи орталығының үштен бірі жаяу жүргіншіге басымдық беру мақсатында қайта жасалып, барынша жайлы әрі ерекше тартымды болды. Орталықтандыру қағидасы бойынша қалаға қосылған елді мекендер даму үстінде, әр ауданның ерекше тартымды орталықтары бар. Бүгінгі күні қаланың Қалақұрылысы кеңесінде аумақты жасылдандыру, бала бақшалар, мектептер салу мен қажетт инфрақұрылымды қамтамасыз ету сияқты нақтылы талаптар қойылуда.
«Қала аумағын жоспарлауда тұрғындар санына болжам жасау маңызды фактор.Болашақта біз барлық тұрғындарды үймен, сапалы инфрақұрылыммен қамти аламыз ба. Ол үшін құрылысты жүргізіп, орталықтандыру қағидасын басшылыққа алу қажет, яғни әр ауданда тұрғын үй, әкімшілік орталық, демалатын орын болуы тиіс.Бұлардан өзге бұрыннан бар кеңістік қайта жасалады. Біздің жаңа концепциямызға сәйкес барлық тұрғын үйлердің 90%-ы саябақтардан жарты шақырым радиуста орналасады.Сингапурдың стратегиясы – жасыл қала, яғни, бақ ішіндегі қала», - деді қаланы жоспарлау Агенттігі Академиясының деканы Сё Ка Пинг және ол Алматы мен Сингапурдың ұқсастығын атап өтті.
Айта кетерлігі,Алматыда саябақтар, гүлзарлар қайта жасалуда, қаланы жасылдандыру стратегиясы қолға алынуда. Келер жылы 15 саябақ пен скверлер қайта жаңғырады. Алматының Ботаникалық бағы толық жаңарады.Алматының делегациясы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген Сингапурдың Ботаникалық саябағында болып, үздік практикамен танысты.
Құрылыс, технологияны енгізу, инжирингтік қызмет көрсету салалары компанияларының басшыларымен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың инвестициялық әлеуеті, негізі инфрақұрылымдық жобалар, соның ішінде БАКАД, ТЭЦ-ті газға көшіру, ЖРК жобасы, әуежайды қайта жасау туралы айтып берді.
«Бүгінгі күні біз «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудамыз, оның басты бағыты экология, транспорт реформасы,денсаулық сақтау, қауіпсіздік және инфрақұрылымды дамыту.Қаланың экономикалық әлеуетін арттыратын шеберлік жоспарын да жасадық. Технология үнемі өзгереді, сондықтан біз қала тұрғындарының өмірін жақсартатын жобаларды енгізетін боламыз», - деп атап өтті әкім.
«Morrow Architects and Planners» басқарма төрағасы Лью Тай Кера Алматы мен Сингапурдың ұқсастығын, бірдей жер көлемін алып жатқандығын, соған қарамастан бір қаланың теңізбен, екіншісінің таумен көмкерілгендігін сөз етті. Ол инвестициялық тартымдылыққа жету үшін инфрақұрылымды тұрақты жақсарту қажеттігін, өзінің компакниясының Алматының шеберлік жоспарын жасауға ынталы екендігін жеткізді. «ST Electronics» вице- президенті Йао Шин Джи тұрақты қалалардың басты тенденциясы жеке көлік санын қысқарту, каршеринг жүйесін енгізу, қоғамдық көлікті диверсифицикациялау екенін атап өтті. Жалпы, бизнесмендер құрылыс, ТҚҚ утилизациялау, инженерлік коммуникациялар сияқты біріккен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша шетелдік серіктестер үшін бағдарламалар мен шешімдер дайындайтын «Singapore Cooperation Enterprise» мемлекеттік агенттік Алматыға смарт- технологияны енгізуге, қала құрылымын тиімді жоспарлауға және шеберлік жоспарларды жасауға көмектесетін болады. Алматыны дамыту Орталығы, Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен «Singapore Cooperation Enterprise» арасында жасалған тиісті меморандумға қол қойылды.