Жақсалиев: Бензин бағасы 165 теңге деңгейінде болады
2017 ж. 19 қазан
2088
1
Қазақстанның энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев АИ-92 бензині бағасына болжам жасады. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.
"Қазіргі таңда "ҚазМұнайГаз"нарыққа бензиннің жеткізілуін тұрақтандыру мақсатында РФ нарығынан қажетті мөлшерді сатып алды. Әлбетте, ондағы баға ҚР салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сол себепті "ҚазМұнайГаз" үлкен шығынға ұшырайды. Бұл шығындар толығымен өтелмесе де, бензин бағасы біраз артатынын айта кеткеніміз жөн. 165 теңге деңгейінде болады деп ойлаймыз. Дағдарыс төмендеп, кейін мүлдем жойылған кезде, ұсыныс көбейіп, нәтижесінде баға түседі", — деді Жақсалиев бейсенбі күні сенатта.
Оның айтуынша, халық пен ел экономикасын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге министрлік "үнемі басын қатырады".